Нұркенов Жаңбыршы Есетұлы

Нұркенов Жаңбыршы Есетұлы

Соңғы лауазымы: «Астана су арнасы» ЖШС экс директоры

Туған жылы: 06.07.1946 ж.

Туылған жері: Қоскөл ауылы, Краснознаменский ауданы, Целиноград облысы

Орта мектепті бітіргеннен кейін тракторшы болып жұмыс істеді, «Баршинский» фермасының аға шопаны, Целиноград облысының Теңіз ауданының комсомол-жастар бригадасының бригадирі болған.

1965-1970 жж. Целиноград ауылшаруашылық институтында оқуды бітірген.

1970-1986 жылдары комсомол, кеңес және партия органдарында жұмыс істеді.

Целиноград облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Астрахан аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, аудандық атқару комитетінің төрағасы, Целиноград облыстық партиясының және облыстық атқару комитетінің аппаратында болып қызмет атқарған.

1986-1997 жылдары – Целиноград облысының ауыл шаруашылық сумен жабдықтаудың топтық жүйелерін салу және пайдалану бойынша өндірістік бірлестікте істеген.

1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Су ресурстары комитетінің Есіл су шаруашылығы қауымдастығының басшысы.

1999 жылдың 25 ақпанда «Горводоканал» трестінің басқарушысы болып тағайындалған.

2000 жылдың 14 қыркүйекте – «Астана су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директор.

Нұркенов Ж.Е. аудандық және облыстық халық депутаттары кеңестерінің депутаты болып бірнеше рет сайланған.

2000 жылы  Астана қаласының мәслихатының үш шақырылымының депутаты болып сайланған.

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің құрметті профессоры» атағы берілді.

Халықтар достығы орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астана», «Ерен енбегі үшін», және т.б. медальдарымен марапатталған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz