Есілов Сансызбай Сейітжанұлы

Есілов Сансызбай Сейітжанұлы 1951 жылы 18 қарашада Ақмола облысы Астрахан ауданында дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары. 1973 жылы Целиноград теміржол көлігі техникумын, 1979 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, 1988 жылы Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Қазақ темір жолының Ақмола облысы Жалтыр станциясында монтер, техник, аға мастер, 7-жол дистанциясының инженері қызметінен бастаған. 1975 жылдан бастап Қазақстан КП Астрахан аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің инструкторы, Қазақстан КП Теңіз аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан КП Теңіз аудандық комитетінің хатшысы болып қызмет істеген.

Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Алматы Жоғарғы партия мектебін бітіргеннен кейін, Қазақстан Компартиясы Целиноград облыстық комитетінің ұйымдастыру-партиялық жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 1991 жылдан 1997 жылға дейін Ақмола аумақтық мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, облыстық әкімшілік басшысының орынбасары; Ақмола аумақтық мемлекеттік мүлік комитетінің төрағасы, Ақмола аумақтық мемлекеттік мүлікті және активтерді басқару комитетінің төрағасы. 1997 жылдан 2007 жылға дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2007 жылы тамызда ІV шақырылым Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы болып сайланды.

2012 жылдың қаңтары - 2016 жылғы25 наурыз аралығында Астана қалалық мәслихатының хатшысы.

2016 жылғы 25 наурыздан қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Құрмет, 2-дәрежелі Достық ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Жергілікті атқарушы органдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеп, Қазақстанның елордасы Астана қаласының қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосып келеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz