Жолобов Виталий Михайлович

КСРО ұшқыш-ғарышкері, «Союз-21» ғарыш кемесінің бортинженері, Кеңес Одағының батыры

Целиноград қаласының құрметті азаматы

Атқарушы комитет шешімі

№ 24-379, 24.08.1976ж.
Украина

Виталий Жолобов 1937 жылы 18 маусымда Украина ССР Херсон облысы Голоприснский ауданы Збурьевка ауылында туған. 1959 жылы Әзірбайжан мұнай және химия институтын бітіреді, содан кейін авиациялық бөлімшеде әскери борышын өтейді. 1947 жылы В.И. Ленин ат. Әскери-саяси академияны аяқтайды.

1963  1981 жж. Ю.А. Гагарин ат. Ғарышкерлерді дайындау орталығында жұмыс істейді. Ғарышкерлер тобына 1963 жылдан бері енгізілген.

1976 жылы 6 шілдеден 24 тамызға дейін Борис Волыновпен бірге Союз-21 ғарыш кемесімен Салют-5 орбиталды станциясына бортинженер ретінде аттанады. Борттағы апат салдарын жойғаннан кейін В. Жолобовтың денсаулығы сыр бергендіктен, ұшу сапары 49 тәуліктен кейін тоқтатылады. 1981 жылы тыңдаушы-ғарышкерлер тобының командирі қызметінен әскери киім кию құқығымен Кеңестік Армия қатарынан запасқа шығарылады.

1982 ж. Киевке көшеді.

1983-1987 жж. «Маяк» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры орынбасары, Халық депутаттарының Киев қалалық кеңесінің депутаты болды.

1986 ж. - ЧАЭС апатының салдарын жоюға қатысады.

1987-1991 жж. РСФСР Тюмень облысы Ноябрьск қаласында аэроғарыш партиясының бастығы.

1991-1992 жж. Ресейдің Геология министрлігінің Біліктілікті арттыру институты филиалының кафедра меңгерушісі.

1993 жылдан - Киев қ. Кеңес Одағы Батырлары Кеңесінің төрағасы.

1993 жылы Украина Көлік академиясының толық мүшесі болып сайланады.

1994жылы Херсон облысы кеңесінің төрағасы  Херсон облыстық әкімшілігінің басшысы болып сайланады. Бұл қызметті 1996 жылан атқарады.

1996 жылдың 12 маусымынан 1997 жылдың 4 ақпанына дейін Украина Ұлттық ғарыш агенттігі Бас директорының орынбасары.

1999 жылы -  Киевтегі «Слава» ұйымының кеңес төрағасы.

2001 - Бүкілукраиналық «Слава» бірлестігінің президенті.

2002 жылдың 11 сәуірінен Украина Аэроғарыш серіктестігінің президенті

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz