Аксенов Владимир Викторович

Аксенов Владимир Викторович

КСРО ұшқыш-ғарышкері, «Союз-22» ғарыш кемесінің бортинженері, Кеңес Одағының Батыры

Целиноград қаласының құрметті азаматы

Атқарушы комитет шешімі № 29-462, 22.09.1976ж. Ресей

1953 ж. Мытищинск машина жасау техникумын бітіреді.

1953-1955 жж. Кременчуг қ. бастапқы оқытудың 10-шы әскери авиациялық мектебінде, 1955-1956 жж. Чугуевск әскери авиациялық ұшқыштар училищесінде оқиды, содан кейін КСРО ҚК қысқаруымен байланысты 1956 жылы демобилизацияланады. 1963 жылы Жалпыодақтық сырттай оқу политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітіреді.

1957-1973 жж. ОКБ-1-де жұмыс істейді. 1959 жылдан - КОКП мүшесі. «Восток», «Восход», «Союз» ғарыш кемелерінің, «Салют» станцияларын жобалауға және сынауға қатысқан.

1973 жылдың наурызынан ғарышкерлер отрядына енгізіледі.

1974-1976 жж. Л. Д. Кизиммен бірге экипаж құрамында 7К-С («Союз Т») бағдарламасы бойынша ұшуға дайындықтан өтеді, сол уақытта осы бағдарлама бойынша дайындалған азаматтық бортинженерлер тобын басқарады.

1976жылдың қаңтарынан бірінші экипаждың бортинженері ретінде В.Ф. Быковскиймен бірге  МКФ-6 (ГДР) көпзоналды фотокамерасын сынау бағдарламасы бойынша дайындықтан өтті.

1976 жылдың 15-23 қыркүйегінде В. Ф. Быковскиймен бірге бортинженер ретінде «Союз-22» ғарыш кемесімен ұзақтығы 7 тәулік 21 сағат 52 мин 17 сек ұшу сапарына аттанады. Ұшу социалистік елдердің ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу мен пайдалану саласындағы ынтымақтастығы бағдарламасы бойынша жүзеге асты.

Ұшу сапары сәтті өтіп, ерлік пен батырлық танытқаны үшін В. В. Аксёновқа Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, «Алтын жұлдыз» (№ 11278) медалі табысталады.

1976-1978 жж. 7К-С және 7К-СТ («Союз Т») бағдарламалары бойынша дайындығын жалғастырады. 1978 жылдан Ю. В. Малышевпен бірге алғашқы басқарылатын «Союз Т» ғарыш кемесінің бағдарламасы бойынша бортинженер ретінде дайындықтан өткен. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz