Быковский Валерий Федорович

Быковский Валерий Федорович

КСРО ұшқыш-ғарышкері, «Союз-22» ғарыш кемесінің командирі,  Кеңес Одағының Батыры

Целиноград қаласының құрметті азаматы

Атқарушы комитет шешімі

№ 29-462, 22.09.1976ж.  Ресей

Быковский Валерий Фёдорович 1934 жылы 2 тамызда Мәскеу облысы Павловксий Посад қаласында туған.

Мәскеудегі ДОСААФ аэроклубының мектебін, Пенза облысы Каменка қ. №6 әскери авиациялық  ұшқыштарды бастапқы оқыту мектебін, Качинский әскери авиациялық ұшқыштар училищесін (1955) Н.Е. Жуковский ат. Әскери-әуе инженерлік академиясын бітіреді.

1960 жылы ӘӘК құрамынан алғашқы құрам жинақтау кезінде алғашқылардың бірі болып ғарышкерлер отрядына алынады.

1963 жылдың 14-19 маусымында «Восток-5» кемесінің командирі ретінде ғарышқа алғаш рет ұшады. Ұшу сапары 4 тәулік 23 сағат 6 минутқа жалғасты, ұшу Валентина Терешкова басқарған «Восток-6» кемесінің ұшуымен қатар өтті. Екінші рет 1976 жылдың 15-23 қыркүйегінде «Союз-22» кемесінің командирі ретінде ғарышқа ұшады. Үшінші рет «Союз-31» (1978 жылдың 26 тамызы - 3 қыркүйегі) кемесімен кеңестік-неміс экипажының құрамында командир ретінде ғарышқөа аттанады.

1988 жылы ғарышкерлер отрядынан шығады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz