Демин Лев Степанович

Демин Лев Степанович

КСРО ұшқыш-ғарышкері

Целиноград қаласының құрметті азаматы

Қазақстан Компартиясының қалалық комитетінің қаулысы және қалалық атқарушы комитетінің шешімі №16-218 

04.07.1980ж. қайтыс болды

1926 жылы 11 қаңтарда Мәскеу қ. туған. 1945 жылы ӘӘК арнайы мектебін бітіреді, 1949 жылы Мәскеу авиациялық байланыс училищесін (Тамбов жоғары авиациялық инженерлік училищесі) бітіреді. Кеңес Армиясында әскери борышын өтеген соң Н. Е. Жуковский ат. Әскери-әуе инженерлік академиясында (1951-1956) білім алады. Кейін ӘӘК ҒЗИ және академиясында жұмыс істейді.

1963 жылы техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесі беріледі. Сол жылы кеңес ғарышкерлерінің отрядына және «Восход-3» (кейін жүзеге аспай қалды) ғарыш кемесінің дублер экипажының құрамына енгізіледі. 1974 жылы «Союз-14» ғарыш кемесінің дублер экипажының құрамына кіреді.

1974 жылдың 26-28 тамызында «Союз-15» ғарыш кемесімен бортинжере ретінде ғарышқа ұшады (Геннадий Сарафановпен бірге). Жақындату жүйесіндегі штаттан тыс жағдайдың нәтижесінде бағдарламада қарастырылған «Салют-3» орбиталды станциясымен түйісу орындалмады, экипаж мерзімінен бұрын жерге оралады және әлемде алғаш рет түнгі уақытта қону жасайды. Ғарышта болған уақыты - 2 күн 12 минут 11 секунд.

48 жасында ғарышқа ұшқан Лев Дёмин жыл бойы орбитаға ұшқан ең ересек адам саналған (1975 жылы бұл атақ Дональд Слейтонға өтеді ).

1978 жылы ғарышкерлер отрядынан шығады, «Южморгео» ғылыми-өндірістік бірлестігінде еңбек етеді.

1998 жылдың 18 желтоқсанында қайтыс болды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz