Қошкарбаев Рақымжан Қошкарбайұлы

Қошкарбаев Рақымжан Қошкарбайұлы

Ұлы Отан Соғысына қатысушы, Берлин штурмына қатысушы, Рейхстаг қабюырғасына туды алғашқы болып ілген

Целиноград қаласының құрметті азаматы

Қазақстан Компартиясының қалалық комитетінің қаулысы және қалалық атқарушы комитетінің шешімі № 16-218 04.07.1980ж. 

қайтыс болды

1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген.

1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген.

1944 ж. қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты.

Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды.

1947 67 ж. Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор,

1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды. Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.

 Зайцев Станислав Николаевич

1914 жылы Черча ауылы Подольская губерниясында туды. Еңбек жолын 1931 жылы бастаған. Винницада сылақшы, тас қалаушы, сырлаушы болып еңбек етті.

1938 жылы Қарағандыға көшеді ( «Шахтстройда» еңбек етті), 1939 жылы Целиноград қаласына келіп, «Целинтяжстрой» құрылыс ұйымына орналасады. № 2 трест әрлеушілерінің бригадирі болып еңбек етеді.

ҚазССР құрметті құрылысшысы (1967). Еңбектегі жетістіктері үшін 1971 жылы «Социалистік Еңбек ері» атағы беріледі.

1974 жылы зейнетке шығады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz