Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы

Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы Целиноград қаласының құрметті азаматы 

Қазақстан Компартиясының қалалық комитетінің қаулысы және қалалық атқарушы комитетінің шешімі № 16-218 04.07.1980ж. 

қайтыс болды

1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысы Трудовое ауылында туған.

Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. 1-Белорус майданында, Солтүстік Кавказ, Украина, Молдавия, Польша, Германия майдандарында соғысқан. Пулемет взводын, ротаны, 5-екпінді армияның атқыштар батальонын басқарды. Сағадат Нұрмағамбетов батальоны Гитлер канцеляриясын шабуылдауға қатысты. Жеңістен кейін осы батальон мемлекеттік маңызды нысандарды күзету бойынша міндеттерді орындады.

1945 ж. ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» екінші медалімен марапатталады.

1946 жылы Әскери академияны

1981 жылы Бас штаб академиясын бітірді.

1950-1989 жылдары Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округы әскерлері бастығының орынбасары, Оңтүстік әскер тобы (Венгрия) бастығының бірінші орынбасары.

1990 жылдан ҚР соғыс, еңбек және Қарулы күштері ардагерлері Кеңесінің төрағасы

1991-1992 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы.

1992-1995 жылдары ҚР қорғаныс министрі, армия генералы.

1996 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі. КСРО, Ресей, Украина, басқа да мемлекеттердің ордендерімен марапатталған.

Армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz