Цой Гилен Васильевич

Цой Гилен Васильевич

Астана қ. Медициналық академиясының кафедра профессоры, медицина ғылымдарының докторы, Қазақ ССР-інің құрметті дәрігері, денсаулық сақтау саласының үздігі

Целиноград қаласының құрметті азаматы

Қазақстан Компартиясының қалалық комитетінің қаулысы және қалалық атқарушы комитетінің шешімі № 16-218 от 04.07.1980ж.

Қазақстандық хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері.

1920 жылы Владивосток қаласында туған. Крым медицина институтын (Қызылорда қ., 1943 жыл) бітіреді. Целиноград медициналық институтында жалпы және факультеттік хирургия кафедрасының доценті, госпитальдік хирургия кафедрасының меңгерішісі болып қызмет атқарды.

220-дан аса ғылыми жарияланымның және 3 өнертабыстың авторы. 8 ғылым кандидатын дайындап шығарды. Ол ұсынған хирургиялық ауруларды емдеу әдістері мен тәсілдері Қазақстан Республикасының және шетелдің емханалары қолданып келеді. Ғылыми еңбектерінің дені іш қуысы органдарының патологиясына, жарақаттану проблемаларына арналған.

Октябрь революциясы, Қызыл ту еңбек ордендерімен, «Құрмет» белгісімен және медальдармен марапатталған.

2014 жылы қайтыс болды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz