Храпатый Анатолий Михайлович

Храпатый Анатолий Михайлович

Әлем, еуропа, Олимпиада және Азиада ойындарының Чемпионы

Целиноград қаласының құрметті азаматы

Қалалық Халық депутаттары кеңесінің Атқарушы комитетінің шешімі № 6-270  03.04.1989ж. 

1962 жылы 20 қазанда Ақмола облысы Атбасар ауданы Владимиромихайловка (Колумбай) ауылында туған.

Кейін отбасы Атбасарға көшеді. 14 жасқа дейін бір жарым жыл күреспен айналысады. Ол кезде салмағы 33 килограмм, бойы 135 сантиметр болған.

Жаттықтырушысы - Александр Сидоров. Бапкері бір жылдай уақыт шәкіртін жалпы физикалық дайындықтан өткізеді.

1985- 1990 жж. бес әлем чемпионатында және бес Еуропа чемпионатында жеңіске жетеді.

1988 ж. Сеулдегі Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанды.

1991 жылы жарақат алып, оң жақ аяғы дистрофияға ұшырап, 5 см-ге кішірейеді. Алайда жаттығудың арқасында ол спортқа қайта оралады.

1996 жылы Атлантадағы Олимпиадада 99 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде күміс алады.

Үлкен спорттан кеткен соң Қазақстанның ауыр атлетикадан ұлттық құрамасын жаттықтырады.

Кейін Қазақстан Қорғаныс министрлігінің АОСК Спорт комитетінде жұмыс істейді.

45 жасында өмірден озды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz