Дубицкий Андрей Федорович

Дубицкий Андрей Федорович

Журналист, публицист, өлкетанушы

Ақмола қаласының құрметті азаматы

Ақмола қалалық мәслихатының – депутттар жиналысының қаулысы 15.09.1995ж.  

Ақмола қаласында туған. 1936 ж. Врубель ат. Омск көркемсурет училищесін бітірді.

1941 жылы Ақмола қаласының мектептерінде сызу және сурет пәндерінің мұғалімі.

1941 - 1943 жж. 29-шы атқыштар дивизиясының саперлар батальоны бөлімінде қатардағы жауынгер. 1943- 1946 жж. дивизия газетінің жауапты хатшысы.

1946 1987 жж. «Акмолинская правда», «Целинный край», «Целиноградская правда» газеттерінің жауапты хатшысы, бөлім меңгерушісі.

ІІ дәрежелі ҰОС орденімен, «Ерлігі үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін», КСРО-ның басқа медальдарымен марапатталған.

Андрей Дубицкий 10-нан аса кітаптың авторы, соның ішінде повестер мен әңгімелер жазған, оның үшеуі сүйікті қаласына арналған. «Акмола - город славный», «Пройдемся по улицам Целинограда», «Где течет Ишим».

Қайтыс болған мерзімі белгісіз. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz