Паколли Беджет

Паколли Беджет

«Мабетекс групп» компаниясының президенті

«Астана қаласының құрметті азаматы»  Астана қаласы мәслихатының шешімі от

10 желтоқсан 2007 жыл

№ 22/5 - ІV  № 17

1951 жылдың 30 тамызында туған, 1974 жылы Югославия армиясындағы әскери қызметін өткеріп, Косовоға оралады. 1976 жылы Пацолли Швейцарияға көшіп барады да, Кеңестік блок елдерінде жұмыс істейтін  «Интерпластика» (Interplastica) инжинирингтік компаниясының жетекші менеджерлерінің біріне айналады. 1990 жылы ол әріптесі Хильми Клаппиямен бірге «Мабетекс Проджект Инжиниринг» (Mabetex Project Management) компаниясын құрады, ол кейін «Мабетекс Груп» (Mabetex Group) ірі концерніне айналады. Оның қызметіне сақтандыру, БАҚ, құрылыс және т.б. бағыттар енді. 2006 жылдың 17 наурызында Пацолли жаңа Косово альянсы (AKR) саяси партиясын құрып, саяси күш 2007 жылғы парламенттік сайлауда үшінші орыннан табылады. Сайлау кезінде оның жеке қаржысы 420 миллион еуроны құрайды. Пацолли Косово Ассамблеясының депутаты және Косовоның Қаржы-бюджет комитетінің мүшесі атанады. Пацоллидің саясатқа келуінен Косовоның экономикалық дамуына ықпал ететін әрекеттер күтеді. 2004 жылдан бастап Бехджет Пацолли көптеген халықаралық институттар мен қолдау топтарында Косово мүдделерін қорғап, шетелдік үкіметтерді, институттарды және халықаралық агенттіктерді Косовоның тәуелсіздігін қолдап, оны мойындауға шақырады. 2011 жылдан бастап Бехджет Пацолли мемлекеттілікті тану және шетелден инвестиция тарту мандатымен Косово премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалады. Жұмысы барысында Африка елдерімен, ірі державалармен ынтымақтастық орнатылып, бизнеске қолайлы жағдай жасау арқылы инвестиция тарту үшін институционалдық және заңнамалық негіздер құрумен айналысады.

2011 ж. 22 ақпанында  Беджет Паколли Косово Президенті болып сайланады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz