Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы

Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы

«Астана қаласының құрметті азаматы»  

Астана қаласы мәслихатының шешімі 25 маусым 2009 жыл № 230/36 - ІV  № 18

1949 жылы 8 наурызда Қостанай облысында туған. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын, ал 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазак мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Профессор.

Институтты бітіргеннен кейін Кеңес Армиясы қатарында әскери қызмет өткерді.

1973-1985 ж.ж. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасы ҒЗЖ техникалық бөлімінің оқытушысы, ассистенті, аға оқытушысы, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1985-1991 ж.ж.  «Еңбек резервтері» БЕСҚ Қазақ республикалық кенесі төрағасының орынбасары, төрағасы.

1991-1996 ж.ж.  «Яссауи» Туризм жөніндегі мемлекеттік акционерлік компаниясының президенті .

1996-1997 ж.ж.  Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт министрі.

1997-1998 ж.ж.  Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Туризм және спорт жөніндегі комитетінің төрағасы.

1998-2003 ж.ж.  Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқарушысы.

2003-2004 ж.ж.  Астана қаласының әкімі.

2004-2006 ж.ж.  Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқарушысы.

2006-2011 ж.ж.  Қазақстан Республикасының Спорт және туризм министрі.

2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр-Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымдағы Халық депутаты болған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz