Шөкеев Өмірзақ Естайұлы

Шөкеев Өмірзақ Естайұлы

«Астана қаласының құрметті азаматы»  Астана қаласы мәслихатының шешімі

17 маусым 2010 жыл

№ 365/49 - ІV  № 20

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев

1964 жылдың 12 наурызында Түркістан қаласында дүниеге келген.

1986 г. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген.

1988 ҚазССР Мемжоспарының жанындағы Жоспарлау процестерін автоматтандыру және басқару құрылымдарын жетілдіру процестерін автоматтандыру ҒЗИ-інде кіші ғылыми қызметкер

1988-1991 жж. МЭСИ аспиранты.              

1991-1992 жж. Жоспарлау процестерін автоматтандыру және басқару құрылымдарын жетілдіру процестерін автоматтандыру ҒЗИ-інде жетекші ғылыми қызметкер ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі;

1991-1993 жж. Президент Әкімшілігі мен Министрлер Кабинетінің қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

1993-1995 жж. Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік меншік жөніндегі территориялдық комитетінің төрағасы.

1995 ж. қараша айынан - ҚР Экономика министрі; ҚР вице-премьері болып қызметтер атқарған.

1997 ж. қарашасынан 1998 жылдың сәуіріне дейін - «Тұран-Әлем» банкінің басқарма төрағасы;

1998 ж. тамыз айынан - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымында болды.

1998 ж. тамыздың 19 - Қостанай облысының әкімі қызметін атқарған.

2004 ж. наурызынан - Астана қаласының әкімі қызметін атқарған

2006 ж. қыркүйектің 20-сынан - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2007 ж. тамыздың 27-нен - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

2009 жылғы 3 наурыздан - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

2011 ж. 26 желтоқсанынан - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ң басқарма төрағасы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz