Мамин Асқар Ұзақпайұлы

Мамин Асқар Ұзақпайұлы

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президенті

«Астана қаласының құрметті азаматы»  Астана қаласы мәслихатының шешімі

29 маусым 2011 жыл

№ 461/65 - ІV № 21

1965 жылдың 23 қазанында туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген.

Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген. Инженер-құрылысшы, экономист.

Еңбек жолын 1987-1988 жж. «Целинтяжстрой» тресінің құрастырушысы болып бастады.

1988-1991 жылдары Целиноград облыстық атқару комитетінің Ішкі істер Басқариамы органдарында еңбек етті.

1991-1993 жж. Қазақстан инновациялық кәсіпорындары одағы бас директорының орынбасары.

1993-1996 жж. - «Интер-Ишим»  БК бас директоры

1996-2000 жж. Ақмола қаласы (Астана) әкімінің бірінші орынбасары

1998-2000 жж. Ақмола АЭА әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары.

2000-2002 жж. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің вице-министрі.    

2000-2001 жж  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің автокөлік жолдары комитетінің төрағасы.

2002-2003 жж. - «Инком-Астана» ЖШС бас директоры

2003-2004 жж. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің бірінші вице-министрі.

2006-2008 жж. - Астана қаласының әкімі.

2008 ж. сәуір айынан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті.

2014 ж. ақпан айынан 2016 ж. сәуір айына дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік, логистика және байланыс комитетінің төрағасы.

2016 ж. қыркүйек айынан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz