Ли Мен Бак

Ли Мен Бак

Корея Республикасының Президенті

«Астана қаласының құрметті азаматы» Астана қаласы мәслихатының шешімі

19 тамыз 2011 жыл

№ 480/68 - ІV № 22

1947 жылдың 19 желтоқсанында Жапонияда, Осакада туған.

1957 жылы Ли Мен Бак Сеул қ. жоғары орта мектебінің кешкі бөліміне оқуға түседі.

1961-1965 жж. Сеул қ. Корей университетінде білім алады. 

1977 жылы ол Hyundai Engineering & Construction басшылығына келеді. Кейін Ли Мен Бак Оңтүстік Кореяның модернизациясына қатысқан негізгі кәсіпорындардың бірі болған Hyundai конгломератының бірнеше компаниясын басқарды. 

1982 жылы Ли Мен Бак Корея сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

1983 - 1992 жж. Оңтүстіккореялық менеджмент қауымдастығының вице-президенті.

1988 жылы Hyundai Engineering & Construction президенті, Halla Engineering & Construction және Incheon Steel Works компанияларының бас директоры.

1977 - 1992 жж. Hyundai корпорациясын басқарды.

1992 жылы Ли Мен Бак саясатпен айналысып, Ұлттық ассамблеяның депутаты болып сайланады.

2000 жылы Ли Мен Бак Камбоджа премьер-министрі Хун Сеннің экономикалық кеңесшісі болып қызмет етеді.

2002 жылы Ханнара партиясынан Сеул мэрі болып сайланады. Осы қызметі барысында 2006 жылға дейін Оңтүстік Корея провинцияларының мэрлері мен губернаторлары кеңесінің төрағасы болды.

2007 жылы Ли Мен Бак президенттік сайлауда жеңіске жетіп, 2008 жылдың 25 ақпанында Корея президентінің қызметіне кіріседі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz