Редкокашин Владимир Николаевич

Редкокашин Владимир Николаевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

«Астана қаласының құрметті азаматы»

Астана қаласы мәслихатының шешімі 04.07. 2012 ж. № 59/6 - V № 23

1948 жылдың 6 қаңтарында Ақмола қаласында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша, Челябинск мемлекеттік мәдениет институтын мәдени-ағарту жұмыстарының әдіскері мамандығы бойынша бітірді.

Қызмет жолы: «Целинсантехмонтаж» трестінде дәнекерлеуші (1966-1967); Кеңестік Армияда жауынгерлік борышын өтеді (1967-1968);

№1 Целиноград автопаркінің жүргізушісі, Целиноград вагон жөндеу зауытында жүргізуші (1969-1973); Қазақстан жастарының Лениндік коммунистік одағының Целиноград облыстық комитетінің жанындағы «Спутник» халықаралық жастар туризмі бюросының жауапты орындаушысы (1973-1974); Целиноград қ. Жастар сарайы директорының орынбасары, директоры (1974-1983); партияның Целиноград обкомының нұсқаушысы (1983-1989); Ақмола облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, бастығы (1989-1994); «Фридрих Ак жол» БК директоры (1994-1996); Ақмола қ. Целинниктер сарайының директоры (1996-1997); Ақмола қ. Іскерлік және мәдени ынтымақтастық орталығының директоры (1997-1998); «Конгресс-холл» МКК бас директоры (1997-2003); Астана қ. мәслихатының хатшысы (2003-2011). 2011 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің мүшесі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz