Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы

Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы

«Астана қаласының құрметті азаматы» Астана қаласы мәслихатының шешімі 27.06. 2013 ж. № 148/18 - V № 24

1965 жылы маусымның 15 күні Қазақстанның Целиноград қаласында дүниеге келген.

1982 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін бітірді.

1985-1988 жылдары Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар Достығы университетінде араб филологиясы бойынша білім алды.

1988-1989 жылдары жылы Пекиндегі Тіл білімі институтында оқыған. 1991 жылы Қытайдағы Ухань заң университетін, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген.

1999 жылы Колумбия университетінде (Нью-Йорк) топ-менеджерлер даярлау бағдарламасынан өткен.

1998 жылы ҚазМАУ, 199 жылы Мәскеу мемлекеттік технологиялық академиясының докторантурасын бітірді, сол жылы «Қазақстан Республикасының өнеркәсібін қалыптастыру проблемалары және оларды шешу жолдары (теория және тәжірибе)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

1991 жылы ҚР Еңбек министрлігінде бөлім бастығы.

1992-1995 жылдары «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ Басқармасының бастығы.

1996-1997 жылдары «ТұранӘлембанк» Басқармасы бастығының міндетін орындаушы,

1997-2000 жылдары «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ Басқарма төрағасы.

2000 -2001 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрі,

2001 -2003 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары,

2003 -2006 жылдары ҚР Президентінің көмекшісі,

2006 – 2007 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасының премьер-министрі.

2012 -2014 жылдары Президент Әкімшілігінің Басшысы.

2014 жылдың 21 қаңтарынан – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының м.а.

2014 жылдың 2 сәуірінен Қазақстан Республикасының премьер-министрі. 2015 жылдың 25 сәуірінде мерзімінен бұрын президент сайлауы өткізілген соң 29 сәуірде қайтадан Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz