Буллер Виктор Дмитриевич

Буллер Виктор Дмитриевич

«Стройконструкция» акционерлік қоғамының президенті

«Астана қаласының құрметті азаматы» Астана қаласы мәслихатының шешімі

10.09. 2015 ж. № 406/56 - V № 28

Виктор Буллер 1945 жылдың 25 қарашасында дүниеге келген - Павлодар индустриялық жоғарғы оқу орнын инженер-құрылысшы-технолог мамандығы бойынша бітірген. Жұмысқа сол жерден жолдама алып, содан бері құрылыс саласында еңбек етіп жүр.

4 жылда еңбек кітапшасына жазылған жазбалар: арматура цехының аға шебері, цех бастығы, бас инженер. 1973 жылы Буллер комбинат директоры қызметіне тағайындалды. КЖБИ (Темір-бетон бұйымдарының комбинаты) тың игеру уақытында қызу жұмыс істеп тұрды, өндіріс орнынан жабын плиталары, діңгектер, электр желілерінің тіректері, бетон құбырлар және шеңберлер, блоктар және т.б. тұрақты негізде жеткізіліп тұрды. Буллер комбинатынан шыққан өнімдердің қай жерде осы күнге дейін сенімді қызмет етіп жатқанын есептейтін уақыт та келген шығар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz