ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІ. БАҒДАРШАМДАР

Интеллектуалды көлік жүйесін кез-келген заманауи қаланың логистикасын басқару құрылымының міндетті элементі деп атауға болады. Ол көлік құралдарының есебін автоматты режимде жүргізуге мүмкіндік беріп, алынған деректер негізінде едәуір жүктелген учаскеде басым бағыттыөткізу шешімін қабылдайды.

ITS инфрақұрылымнан, көлік құралдарынан, жүйеге қатысушылардан, сондай-ақ жол-көлік реттеуден тұрады. Интеллектуалды көлік жүйесінің елордада қосылу және енгізілу себебі - жол қозғалысының  мобильділігі пен қауіпсіздік көрсеткіштері үнемі өсуі. Мысалы, жүйені қолдану тәжірибесі маңызды қоғамдық және экономикалық көрсеткіштерге жетуге ықпалын тигізеді. ITS арқасында жол кептелісінде уақыт жоғалтуды екі есе қысқартуға, мұндағы жол жүргендегі уақытты 20%, қоршаған ортаға шығатын зиянды заттар мен энергияшығынын 10%-ға төмендетуге мүмкіндік туғызды.

Соңғы 3 жылда ITS жүйесімен 443 бағдаршам объектілерінің 107 данасы қамтылды, ол өзінің оң нәтижесін тез көрсетті. Мысалы, жергілікті учаскелерде ITS қолдана отырып, көлік ағымы жылдамдығы 18 %, өткізу қабілеті 40% ұлғайды. Көше-жол желісінде бағдаршам реттеуді жетілдіруді әлемдік ең жақсы тәжірибені қолдана отырып, қалада қызыл түсті қосу белгісі «+» бар бағдаршамның қосымша секциясы орнатылған (30 дана).

Олар қарама-қарсы қозғалысқа тыйым салынғанын хабарлауға арналған. Бұл кедергісіз солға бұрылуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, осылайша көлік құралдарының өткізу қабілетіндегі қозғалыс тиімділігін артады.

МАРШРУТТЫҚ ЖЕЛІ

Астана қаласының қоғамдық көлігінің маршруттық желісі 85 маршруттан тұрады, оның ішінде 60 қалалық, 7 экспресс және 18 қала маңына қатынайтын байланыстар.

Күн сайын маршруттарға 847 автобус шығады, оның ішінде 735 автобус қала маршруттарына, 47 автобус экспресс маршруттарына және 65 автобус қала маңына қатынайтын маршруттарға қызмет көрсетеді.

Жолаушыларды тасымалдаудың мобильділігін жақсарту бойынша жаңа магистральді экспресс маршруттарды, жолаушыларды тасымалдаудың сызықтық жүйелерін енгізу, сондай – ақ  автобустардың аялдамаға келу уақытын ұстану жұмыстары жүргізілуде.

ҚАЛА МАҢЫНА ҚАТЫНАУ ТАСЫМАЛЫ

Жылжымалы құрамды жаңарту, маршруттық желіні жаңғырту, тасымалдаудың жаңа түрлерін енгізу, инновациялық технологияларды енгізу, тариф политикасы мен жолаушылар тасымалының қаржылық моделін жетілдіру бойынша жиынтық жұмыстар жүргізілуде.

2015 жылы елорда тарихында бірінші рет қала маңына қатынайтын тасымал түрі жіберілді.

Қазіргі күні 18 қала маңына қатынайтын маршруттармен 50 мыңнан астам жолаушылар қолданады, 28 елді мекен қамтылды, қозғалыс интервалы 4 минут «Iveco» маркалы жаңа жылжымалы құрам жүріп тұрады.

«BUS LANE» ЕНГІЗУ

Елорданың көлік жиынтығын дамыту шегінде, қоғамдық көлік басымдығы бойынша, сондай-ақ автомобилизация деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Bus lane» жобасы («Bus» - автобус, «Lane» - жолақ) қоғамдық көліктің кедергісіз қозғалысына арналған қала көшелеріндегі арнайы бөлінген жолақтарды жобалап түсіндіреді.

Берілген жоба мақсаты – жолаушылардың жол жүруіне ыңғайлы жағдай жасау және қоғамдық көлік қозғалысына басымдылық беру. Берілген жобаны енгізу келесі сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді:

  • қоғамдық көліктердің кептелісте тұруы;
  • қоғамдық көліктің қозғалыс графигінен қалуы;
  • қозғалыс интервалы мен графигін сақтамау;
  • жалпы ағындағы қоғамдық көлікті басқару қиындығы;
  • қозғалыс басымдылығынын болмауы;
  • қозғалыс кестесін реттеу;
  • график бойынша тәртіп бұзу санын азайту;
  • автобус жүргізушілері тәртібін көтеру;
  • қозғалыс қауіпсіздігін ұлғайту;
  • автобустардың қозғалысының орташа жылдамдығын ұлғайту;
  • Қазіргі күні ұзындығы 77 км болатын 24 жол учаскелері жүзеге асырылды.

Бөлінген жолақтарды енгізу есебінен маршруттық желінің магистралдық көшелерді қамтитын көлік қаңқасы қалыптастырылды, осының есебінен қарбалас сағатында аялдамаларда автобус күту уақыты 24% қысқарды.

ЖОЛ АҚЫСЫН ТӨЛЕУДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖҮЙЕСІ

Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі (ЖТЭЖ) – заманауи көлік инфрақұрылымының ажырамас бөлігі. Ол жолаушылар ағынының нақты есебін жасап, маршруттық желіні жақсартуға мүмкіндік береді. Елордада 018 жылдың 1 қаңтарынан барлық жылжымалы құрам жол ақысын төлеудің электрондық жүйесімен жабдықталған, ал 2018 жылдың 21 шілдесінен жолаушыларды ақшасыз төлеуге ынталандыру мақсатында сараланған тариф енгізілді.

Көлік картасы

Сараланған тариф енгізілген сәттен көлік картасымен 600 мыңнан астам жолаушы қолданады. Жұмыс күндері орташа жолаушылар ағыны 720 мың жол жүруді құрайды. Жеңілдікті категория азаматтары күніне шамамен 100 мың жол жүру жасайды. Жыл сайын қоғамдық көлік жолаушылары тегін ауысып отыруды 90 мың рет қолданады.

Атаулы жеңілдікті көлік карталары

Астанада жол жүру ақысынан босатылу арқылы қоғамдық көмек алатын азаматтарға атаулы көлік карталары беріледі. Осындай картаны Астана қаласында тіркелген, келесі категорияларға жататын азаматтар алады:

1) Ұлы Отан Соғысына қатысқандар мен мүгедектер және оларға теңелгендер;

2) Жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнеткерлер, сондай-ақ зейнет жасына жеткен жасына, асыраушысынан айырылуға байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар, яғни асыраушысы жоқ және еңбек өтілі жоқ зейнеткерлер;

3) «Күміс алқа» мен «Алтын алқа»-мен марапатталған көп балалы аналар;

4) Көп балалы отбасылар, оның ішінде ата-ананың көпбалалық жәрдемақы төленетін біреуі

5) Барлық топ мүгедектері;

6) Он сегізге толмаған мүгедек-балалар, оның ішінде мүгедек баланың ата-анасының біреуі (заңды өкілі) тегін жол жүруге құқылы.

Картаны тікелей Орталық кассаға бару арқылы немесе alrt.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс беріп алуға болады.

Жеңілдікті көлік картасы атаулы болып табылады, басқа біреуге қолдануға берілмейді. Жеңілдікті көлік картасы қала және қала маңына жүру үшін толықтыруды қажет етпейді және жүру саны шексіз.

Атаулы мектеп көлік карталары

7-15 жас аралығындағы балалар жол ақысының толық көлемінің 50% (елу пайыз) төлейді. Сондықтан оларға мектеп көлік карталары қарастырылған.

Мектеп көлік картасы атаулы болып келеді және басқа біреуге қолдануға берілмейді. Мектеп оқушысына карта жасау үшін оның суреті мен туу туралы куәлігі қажет. Картаның бірінші ретті шығуы тегін.Жоғалтқан жағдайда картаны қайта шығару құны – 400 теңге.

Картаны алу үшін ата-ана немесе қамқоршы Қошқарбаев көшесі 50/1 мекен-жайындағы арнайы кассаға бара алады. Өзімен құжаттардың түпнұсқалары: баланың туу туралы куәлігі, ата-ананың біреуінің жеке куәлігі, 3*4 көлемді баланың суреті(егер баланың өзі бірге болмаса)

Сондай-ақ атаулы мектеп көлік картасын карта беру пунктіне ата-анасымен немесе заңды өкілімен бірге келген басқа қала балалары да 400 теңге көлемінде құнын төлеп ала алады.

Тегін ауысып отыру

Көлік картасын қолданушы бірінші валидация жасағаннан 60 минут ішінде тегін ауысып отыруға құқылы. Яғни, басқа автобусқа ауысып отырғанда, жолушы әдеттегідей валидация жасайды, бірақ төлем алынбайды. Валидация кезінде экранда «Ауысып отыру» жазуы жанады.

Ауысып отыру қалалық маршруттан қалалыққа, экспресстен экспресске, экспресстен қалалық маршрутқа, қала маңына жүретін маршруттан қалалық маршрутқа жүзеге асырылады.

Сатып алу және толықтыру жолдары

Қалада көлік картасын сатып алу мен толықтыруға арнайыландырылған 6 касса және өз-өзіне қызмет көрсететін 30 RTVM-автоматтары жұмыс жасайды. Сондай-ақ QIWI, Касса24, Kaspi.kz, Tenge, WOOPAY сервистері, лезде толықтыру агенттік нүктелер арқылы және transcard.kz арнайы сайтында картаны толықтыруға болады.

Қоғамдық көлікте жол ақасыны төлеудің альтернативті тәсілдері – SMS және QR-код арқылы. Берілген тәсілдер жол ақысын ұялы телефон арқылы лезде төлеуге мүмкіндік береді. QR-код көмегімен төлеуді SMS Bus Жолаушы, HomeBank Scan&Pay, Мой Beeline, OyBy қолданбалары арқылы немесе 2505 номеріне SMS жолдау арқылы жүзеге асыруға болады.

КАССАЛАР ЖӘНЕ ТЕРМИНАЛДАР

RTVM-терминалдардың мекенжайы мамандандырылған кассалар

Мекенжайы

Қызметтер

Жұмыс тәртібі

1

Нәжімеденов к-сі, 10/2

(«ASTRA Parking» кеңсесінде, 1 қабат)

Көліктік карталарды сату/толтыру

9-00 дан 19-00 дейін

Үзіліс: 14-00 дан 15-00 дейін

Демалыссыз

2

Петров к-сі, 24

«Евразия» Сауда үйі (Евразия-1, 3 қабат, № 26 бутик)

Көліктік карталарды сату/толтыру

10-00 дан 20-00 дейін

Үзіліс: 14-00 дан 15-00 дейін

Демалыссыз

3

Қабанбай батыр даңғылы, 5

«Астаналық циркі»

Көліктік карталарды сату/толтыру

10-00 дан 20-00 дейін

Үзіліс: 14-00 дан 15-00 дейін

Демалыссыз

4

Жеңic даңғылы, 47

«Жеңic» СҮ (3 қабат, лифтіден оңға қарай бірінші бутик)

Көліктік карталарды сату/толтыру

10-00 дан 20-00 дейін

Үзіліс: 14-00 дан 15-00 дейін

Демалыссыз

5

Қошқарбаев, 50/1

(ASTRA) "Astana LRT" ЖШС Кассалық операциялар департаменті

- Көліктік карталарды сату/толтыру

- Көліктік карталарды қайтару және ауыстыру

- Жеңілдік карталарды шығару

9-00 дан 18-00 дейін

Үзіліссіз

Демалыс күндері: жексенбі

6

ТЖ вокзалы (вокзалдың ескі ғимараты)

2 қабат.

№2 касса

Көліктік карталарды сату/толтыру

08-00 дан 18-00 дейін

Үзіліс: 13-00 дан 14-00 дейін

Демалыссыз

7

ТЖ вокзалы (вокзалдың ескі ғимараты)

2 қабат.

№3 касса

Көліктік карталарды сату/толтыру

10-00 дан 20-00 дейін

Үзіліс: 14-00 дан 15-00 дейін

Демалыссыз

RTVM-терминалдардың мекенжайы

Орналасқан мекенжайы

Тұрған жері

1

Гёте к-сі 1, Теміржол вокзалы. 1 қабатта, ASTRA Parking паркоматының жанындағы шағын күту залы

ғимаратта

2

Қосшығұлұлы к-сі 9 (188 көшесі) «Солтүстік» СҮ, Орталық есіктің сол жағында

ғимаратта

3

Петрова к-сі 1, "Орбита" СҮ.

далада

4

Абылай хан даңғылы 31, "Встреча" СҮ.

далада

5

Абылай хан даңғылы 31, "Встреча" СҮ.

далада

6

Қошқарбаев даңғылы, 50/1, "Астана LRT" ЖШС Кассалық операциялар департаменті

ғимаратта

7

Абылай хан даңғылы 31, "Встреча" СҮ

далада

8

Б. Момышұлы даңғылы 10, "Рахмет" СҮ.

далада

9

Қабанбай батыр даңғылы 21, "Азия парк" СОО.

паркинг

10

Қабанбай батыр даңғылы 21, "Азия парк" СОО.

паркинг

11

Н. Тлендиева даңғылы 15, "Рахмет" СҮ.

ғимаратта

12

"Нұрлы Жол" ТЖ вокзалы, соңғы автобус аялдамасынан кіре берісте

ғимаратта

13

Сейфуллина к-сі 47, "Астаналық" базары("Артем" СҮ), банктік терминалдары орналасқан аймақта, 1 қабаттағы фойеде

ғимаратта

14

Бейбітшілік к-сі 9, («Sine Tempore» СО) ӘДО. Кенесары көшесінен кіргенде, 1-қабат, сол жағында

ғимаратта

15

Абай к-сі, 48, "Жаннұр" СҮ.

ғимаратта

16

Сарыарқа даңғылы 33, «Мед.Академия» аялдама пункті

далада

17

Сарыарқа даңғылы 38, "Мед.Академияға" қарама-қарсы аялдама пункті

далада

18

Сарыарқа даңғылы, Сейфуллин көшесінің бұрышы, "Хабар Агентігі" аялдама пункті

далада

19

Сарыарқа даңғылы, Сейфуллин көшесінің бұрышы, "Хабар Агентігі" жағынан аялдама пункті

далада

20

Бараев к-сі (тақ жағы). "Бараев к-сі" аялдама пункті, Центркредит банкі жағында

далада

21

Бараев к-сі (жұп жағы), Иманбаева к-сінің бұрышы. "Бараев к-сі" аялдама пункті

далада

22

Бараев к-сі (тақ). "Жастар шағын ауданы" аялдама пункті (Жастар)

далада

23

Кравцов к-сі. "Жастар шағын ауданы" аялдама пункті (Жастар)

далада

24

Мәңгілік ел даңғылы, "Министрліктер Үйі" аялдама пункті, Бірінші қақпа

далада

25

"Министрліктер Үйі" аялдама пункті, Қонаев к-сі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысы

далада

26

Мәңгілік ел даңғылындағы аялдама пункті, Министрліктер Үйіне қарама-қарсы, "Нұр Жол"желекжол мен Қонаев к-сі арасында

далада

27

Мәңгілік ел даңғылы - Достык к-сінің бұрышы, Министрліктер Үйі, Екінші қақпа

далада

28

Достық к-сі "Санкт-Петербург" бизнес-орталығына қарама-қарсы аялдама пункті

далада

29

Сейфуллин көшесі 47, "Астаналық" базары ("Артем" СУ), банктік терминалдары орналасқан аймақта, 1 қабаттағы фойеде

ғимаратта

30

Бөгенбай батыр даңғылы, 62, «Әлем» СО, 1-қабат, № 25 бутиктің қасында, кіру - Ш. Уәлиханов көш. жағынан

ғимаратта

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109