1333

Қазақстанда 2019 жылға ТМККК қамтамасыз ету үшін дәрілерді сатып алу басталды

Медициналық ұйымдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерге ұсынылатын дәрілік заттарға өтінімдерді қалыптастырады.  ТМККК және МӘМС шеңберіндегі дәрілік заттардың тізімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрығымен бекітілген.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдың1-ші қаңтарынан бастап медициналық қызметтерді төлеу бойынша қаржы операторы екендігін айта кеткен жөн.

- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабына сәйкес ҚР азаматтары Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде амбулаторлық деңгейдегі азаматтардың жекелеген санаттары, қамтамасыз етілуге құқылы, - деп ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары А.Амангелдиев атап өтті.

Дәрі-дәрмектер диспансерлік есепте тұрған, сонымен қатар стационарларда тегін ем қабылдайтын пациенттер үшін сатып алынады. Сатып алынатын тізімге 1144 препараттар кіреді, олардың 829 – дәрілік заттар және 315 – медициналық мақсаттағы бұйымдар. Алдыңғы жылға қарағанда, биыл амбулаторлық деңгейде қамтамасыз етілетін дәрі-дәрмектердің тізімі кеңейтілген. Аурудың 45 түрі бойынша диспансерлік есепте тұрған пациенттер үшін дәрілік заттардың 550-ден астам атауы сатып алынады. Өткен жылы дәл осындай мақсатта 482 атаумен дәрі-дәрмектер сатып алынған. 

Тегін дәрі-дәрмектерді жіберуге арналған рецептіні учаскелік немесе мамандырылған дәрігер нұсқау бойынша береді. Арнайы форманы толтыру үшін пациенттің жеке құжаты керек. Дәрі-дәрмектер мемлекет есебінен  нақты рецепт бойынша белгілі дәріханада беріледі. Даріхананын мекен-жайын азамат өзі тіркелген емханадан ала алады.

Барлық дәрі-дәрмектер тегін берілмейтінін атап өту керек. Егер де науқасқа қажет дәрі-дәрмек тізімде болмаса, оны ол ақылы түрдеалуға тиіс.

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектерді алу бырысында Сізден препаратты ақылы түрде алуды талап етсе немесе  дәріні беруден бас тартса, Сіз өзіңіз тіркелген емхананың басшылығана, тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша жергілікті уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің департаментіне өтініш бере аласыз.

Астана қаласы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрғындарға ТМККК шеңберінде медициналық қызмет көрсетін 79 медициналық мекемемен келісімшарт бекітті. Олардың 36-сы - мемлекеттік және 43-і - жеке меншік мекеме.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109