Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауабы:

  1. Ерлі-зайыптылардың екеуіне де 29 жасқа толмаған болмауы тиіс пе немесе тек өтініш берушіге ме?

- Өтініш берушіге ғана.

  1. Декреттік демалыста жүрген үміткерлер қатыса ала ма?

- Жоқ.

  1. Жұмысқа орналастыру ресми болу керек пе?

- Бағдарламаға ресми түрде жұмысқа орналасқан жастар немесе жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жастар қатыса алады.

  1. Міндетті түрде жоғары немесе орта-арнайы білімі болуы керек пе?

- Жоқ, 11 жылдық мектеп аттестатымен де болады.

  1. Табыс қолына 101 000 теңге болуы тиіс пе немесе жалақы ма?

- Жалақы. Мысалы, егер сізде жалақы 105 000 теңге болса, ал қолыңызға 90 000 теңге алсаңыз, онда сіз өтесіз.

  1. Жейнетақы жарналары міндетті ме?

- Иә. ІІМ қызметкерлері мен әскери қызметшілерден басқа.

  1. 101 000 ерлі-зайыптылардың екеуінің де жиынтық табысынан болады ма?

- Жоқ. Құжаттарды беретін үміткерде ай сайынғы табыс кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болуы тиіс.

  1. Ерлі-зайыптылар құжаттарды жеке-жеке тапсыруына болады ма?

- Иә. Бұл ретте қатысушыларды бір отбасынан іріктеу кезінде екі үміткерге тұрғын үй берілмейді.

  1. АӘК, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы және т. б. Табыс ретінде есептеледі ме?

- Мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ өтініш берушінің кірісі болып табылады және және төлем қабілеттілігі бағалау кезінде ескерілуі мүмкін.

  1. Осы бағдарлама бойынша тұрғын үй алғаннан кейін, басқа да ҚТҚЖБ арқылы «Нұрлы жер», «Баспана хит» және «7-20-25» сияқты бағдарламаларына қатыса аламын ба?

- – Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 5 (бес) жыл мерзімге беріледі. Кейін Сіз кез-келген тұрғын үй бағдарламаларына қатыса аласыз.

  1. Егер мен әскери қызметші ретінде тұрғын үй төлемдерін алатын болсам, қатыса аламын ба?

- Жоқ.

  1. Соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты тіркеу керек пе?

- Иә. Бірақ, егер Сіз жақында мекен-жайыңызды қала ішіндегі өзгерткен болсаңыз, мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Куйши Дина көшесінен Қабанбай батыр көшесіне өзгертілген болса, онда Сізге тіркеу орындарын егжей-тегжейлі көрсете отырып, көші-қон полициясынан қосымша анықтама беру қажет және Сіз өтесіз. Егер Сіз соңғы 2 жыл ішінде тіркеуді қалаларға өзгерткен болсаңыз, онда Сіз өтпейсіз.

  1. Жылжымайтын мүлікті сату сәтінен бастап өтуі тиіс 5 жыл ма немесе 2 жыл ма?

- 2 жыл.

  1. 2 жылдық тұрақты тіркеу тек өтініш берушіде болуы тиіс пе немесе отбасы мүшелерінің барлығында ма?

- Тек өтініш берушіде.

  1. Егер үміткер барлық талаптар бойынша сәйкес келсе, бірақ ресми түрде басқа қалада жұмыс істеген жағдайда, ол құжаттарды бере алады ма? (Мысалы, жұмыс басқа қалада вахталық әдіспен)

- Иә, мүмкін. Егер Нұр-Сұлтан қаласында кемінде 2 жыл тұрақты тіркелген болса.

  1. Мүліктің жоқтығы туралы анықтама Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ма немесе ҚР бойынша болуы тиіс па?

- ҚР бойынша.

  1. Егер өтініш беруші 28 жаста өтініш берсе, 2 күннен кейін ол 29 жасқа толатын болса, оның өтінішін қарастырады ма?

- Құжаттарды тапсыру және конкурстық процедурадан өту кезінде өтініш берушіге 29 жыл болмауы тиіс.

  1. Үміткердің жасы 29 жасқа дейін қоса ма?

- Жоқ, құжаттарды тапсыру сәтінде Сізге 29 жыл болмауы тиіс.

  1. Егер мен тұрмасам болмасам (үйленбеген болсам) және балаларым жоқ болса, қатыса аламын ба?

- Иә, қатыса аласыз.

  1. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу міндетті ме?

- Жоқ, барлық ресми жұмысқа орналастырылған адамдар қатыса алады.

  1. Депозит тек ҚТҚЖБ болуы керек пе немесе кез келген банкте болады ма?

- Кез келген екінші деңгейдегі банкте.

  1. Мен Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде кезекте, егер мен осы бағдарлама бойынша уақытша пәтерді алсам, мені кезектіліктен шығарып тастайды ма?

- Иә, тұрғын үй кезегінен шығарады.

  1. Қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес өтініш беруші банктік шот бойынша ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмесін ұсынуы тиіс. Банк шоты қандай болуы керек? (ағымдағы, есептік, кредиттік, депозиттік, қысқа мерзімді, валюталық, карточкалық, банкаралық, арнайы)

- Аталған шоттардың кез келгені, бірақ балдар депозиттік шот бойынша ғана есептелетін болады.

  1. Егер өтініш берушінің 5 жыл ішінде депозиттік шоты бар болса, бірақ шотта 5000 теңге жатса және шот бойынша жылжу болмаса, депозит ашылған әрбір жыл үшін балл есептеледі ме?

- Иә болады. Есеп бойынша қозғалысқа қарамастан, жинақтардың әрбір жылы үшін балл есептеледі. Жинақтаудың әрбір жылы үшін ЕДБ-ның белгілі бір сомасына белгілі бір пайыздар есептеледі.

  1. Әр түрлі салаларда қандай нақты құжаттар жеке жетістіктер болып саналады? (грамота, сертификат, алғыс хат, медаль, кубок)

- Өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттармен кәсіби саладағы жетістіктерді ескеру қажет, өйткені бұл бағдарлама «жұмыс істейтін жастарға» есептелген. Мысалы, жұмыс берушіден грамоталар, марапаттар мен алғыс хаттар.

  1. Түрлі салалар дегеніміз не? Мысалы, егер өтініш беруші ветеринар болып жұмыс істесе және оның кондитерлік өнімдерді дайындау бойынша жеңіп шыққан конкурс туралы грамотасы бар болса, бұл әр түрлі салаларда жетістік деп санала ма немесе өз мамандығы шеңберінде ғана болуы тиіс пе?

- Өтініш берушінің мамандығы шеңберінде алғыс хаттар немесе грамоталар түріндегі жетістіктерді ескеру қажет. Егер грамотаны алу кезінде үміткер кондитер болып жұмыс істесе, онда баллды есептеу қажет.

  1. Мысалы, егер өтініш берушіде бір жыл ішінде 3-4 грамота бар болса, 2 балл бойынша есептелінеді ме немесе шектеулер бар ма?

- Жоқ. Грамоталардың санына қарамастан 2 балл есептеледі.

  1. Егер өтініш берушінің бірнеше депозиттік шоты бар болса, ұпайлар әрбір жеке есептеледі ме?

- Жоқ. Егер өтініш берушіде ЕДБ-да бір жылдан астам бірнеше жинақ шоттары (Депозиттері) болған жағдайда, бір шот бойынша балдар (жинақтаудың ең көп мерзімі бойынша) берілетін болады.

  1. Егер өтініш беруші Нұр-Сұлтан қаласында 2 жылдан астам болды тұрақты тіркеуінде болса, бірақ 3-4 күнге тіркеуден шығарылып жіне және қайта тіркелсе, көші-қон полициясының тіркеу орындарын нақтылау анықтамасын ұсынумен, өтінім қарастырылатын болады ма?

- Жоқ. Ереженің негізгі талаптарына сәйкес өтініш беруші соңғы 2 (екі) жылдан кем емес Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тұратын жері бойынша тұрақты тіркелгендігін растауды ұсынуы қажет (осы қалаларда тұрғын үй сатып алуға үміткерлер үшін).

  1. Егер өтініш беруші осы сәтте қолданыстағы мемлекеттік қызметші болмаса, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда еңбек өтіліесептелінеді ме?

- Иә, есепке алынады. Сонымен қатар, конкурсқа қатысу сәтінде өтінім беруші ережеде көрсетілген талаптарға жауап беруі қажет.

  1. Өтініш берушінің жоғары білім беру мамандығы бойынша «Қолданбалы геология», оның мамандығы 100 сұранысқа ие мамандық тізіміне кіреді, бірақ бұл мамандық бойынша ол жоқ еңбек қызметін жүзеге асырмайтын болса, оған 10 балл есептелді ме?

- Жоқ. Өтініш берушіге қажетті 100 мамандық тізіміне кіретін мамандықтың кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде балл беріледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109