1044

Астана қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізу тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы

Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1.  Астана қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, пикеттер өткізу орындары болып келесі аумақтар белгіленсін:

А. Пушкин көшесі мен Ш. Құдайбердіұлы даңғылы қиылысындағы шағын гүлбақ;

«Жерұйық 1» саябағының солтүстік-батысындағы алаң.

2.  Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Астана қаласы мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3.  Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы Е. Сыдықов

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының 

2013 жылғы 24 қыркүйектегі 

№ 175/23-V шешіміне қосымша

Астана қаласы мәслихатының күші жойылған шешімдерінің

Тізбесі

1.  Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 161/30-ІІ «Астана қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2002 жылғы 5 маусымда № 206 болып тіркелген, 2002 жылғы 20 маусымдағы № 82 «Астана ақшамы», 2002 жылғы 15 маусымдағы № 69 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

2.  Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 65/10-ІV «Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 161/30-ІІ «Астана қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 25 сәуірде № 527 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырдағы № 55 «Астана ақшамы», 2008 жылғы 6 мамырдағы № 52 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

3.  Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 358/48-ІV «Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 161/30-ІІ «Астана қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 2 шілдеде № 635 болып тіркелген, 2010 жылғы 10 шілдедегі № 74 «Астана ақшамы», 2010 жылғы 10 шілдедегі № 79 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

__________________________

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109