1566

Астана қаласы әкімдігінің «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Астана қаласы әкімдігінің «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) болып қайта аталсын.  

2. Мекеменің Жарғысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Мекемені басқару органы «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.  

4. «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» және «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.  

5. «Астана қаласы әкімдігінің «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін тарату туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 158-564 қаулысының күші жойылсын.  

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.  

Әкім   Ә. Исекешев


Астана қаласы әкімдігінің

2018 жылғы  «__»__________

№_____ қаулысына

Қосымша

Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы

1.  Жалпы ережелер

1. Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік коммуналдық мекеменің ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2.  Мекеменің түрі: коммуналдық мемлекеттік мекеме.

3. Мекеменің құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі – құрылтайшы) болып табылады.

4. Мекемеге байланысты Мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады. 

5. Мекеменің атауы: Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

6. Мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

2.  Мекеменің заңдық мәртебесі

7. Мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқығына ие болады.

8. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

9. Мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

10. Мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады. 

11. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгенінен кейін, күшіне енеді.

3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

12. Мекеме қызметінің мәні дәстүрге, тарих пен мәдениетке елорда тұрғындарының құрметі мен қызығушылығын ояту, тілдерді дамыту және қолдану саласында шығармашылық, ғылыми және оқыту қызметтерін жүзеге асыру, Астана қаласының аумағында ономастика саласындағы жұмыстарды жүйеге келтіру және үйлестіру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дәріптеу болып табылады.  

13. Мекеме қызметінің мақсаты «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында лингвистикалық және басқа жобаларды іске асыру болып табылады.  

14. Мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1)  қазақ тілін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру бойынша іс-шаралар өткізу; 

2)  үштілділік бағдарламасын енгізуді іске асыру;

3)  оқыту орталықтарының оқытушылары мен ересек тұрғындарды оқыту үшін филологтар мен лингвист ғалымдарды тарта отырып, семинарлар мен дәрістер, курстар ұйымдастыру, латын графикасына кезең-кезеңмен көшу бойынша кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету;

4)  орфографиялық және орфоэпиялық ережелерді, кириллицадан латын графикасына қайта кодтаушы бағдарламаны енгізу: аталған ережелер мен қайта кодтаушының онлайн нұсқасын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің барлық ресми сайттарына орналастыру;   

5)  көрнекі ақпарат мәтіндерін орыс тілінен қазақ және басқа тілдерге аудару бойынша анықтамалық ақпарат ұсыну;  

6)  ғылыми, оқу-әдістемелік, насихаттық әдебиеттерді әзірлеу және басып шығару;

7)  тақырыптық баспа өнімдерін (кітаптар, жинақтар және басқа) құрастыру, басып шығару;

8)  көрмелер, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;

9)  Астана қаласының мемлекеттік қызметшілері, мемлекеттік емес мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері, сондай-ақ елорда тұрғындары үшін тіл оқыту курстарын ұйымдастыру;  

10) мемлекеттік және басқа тілдерді, латын графикасын оқыту үшін арнайы компьютерлік бағдарламалар әзірлеу және жүзеге асыру;

11) «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қатысты мәселелер бойынша шығармашылық одақтармен, бірлестіктермен өзара әрекеттесу;

12) «Туған жер» бағдарламасы аясында өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру, аймақ тарихын зерделеу;

13) дәстүрлі мәдениет, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер фестивальдерін ұйымдастыру және өткізу;

14) Астана қаласының дамуына үлес қосқан танымал адамдар, ақсақалдар, қайраткерлердің тарихын еске түсіретін «Естеліктер кітабын» әзірлеу және басып шығару;

15) зерттеу ұйымдарын тарта отырып ономастика, топонимика, ескерткіштерді зерделеу бойынша жұмыстар жүргізу;

16) зерттеу ұйымдарын тарта отырып өңірдің киелі объектілері бойынша ғылыми-зерттеу, сондай-ақ өңірді геоақпараттық картографиялау, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу;

17) өңірдің тарихи-мәдени мұраларындағы белгілі ескерткіштері жайлы ғылыми-насихаттық фильмдер жасау;

18) өңірдің тарихи-мәдени мұралары бойынша интернет-портал әзірлеу және құру;

19) Астана қаласының көшелері мен белгілі объектілері жайлы ақпараттар, суреттер мен бейнематериалдардан жалпыға қолжетімді мәліметтер базасын құру;

20) ономастика мәселесі бойынша ақпарат жинақтаудың және талдаудың кеңейтілген технологиясын әзірлеу;

21) Астана қаласының көшелеріне атау беруді ретке келтіруде негізгі ғылыми дәлелденген бағыттарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізу;

22) ономастиканың өзекті мәселелері жөнінде әдебиеттер әзірлеу және басып шығару, сонымен қатар конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;

23) Астана қаласының тарихы жөнінде алғаш анықталған және қолжетімді құжат көзі туралы мұрағат мәліметтерінің жинағын әзірлеу;

24) өңір тарихы жөніндегі мұрағат құжаттарын цифрлық форматқа көшіру;

25) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дәріптеу бойынша ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу;

26) патриоттық бағытта іс-шаралар өткізу;

27) Астана қаласының аумағында әлеуметтік зерттеулер, сауалнамалар өткізу. 

Мекемеге осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

15. Мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органының не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

16. Мекеме басшысының Мекеме жарғылық емес қызметін жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

4.  Мекемені басқару

17. Мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.

18.  Құрылтайшы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

  2) Мекеме туралы ережені бекітеді;

  3) Мекемеге мүлікті бекітіп береді;

4) Мекеменің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

5) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде Мекеме сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді.

19. Уәкілетті орган мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

2) Мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

3) Мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, Мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

4) Мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

5) Мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады; 

6)  Мекеменің жылдық қаржы есептілігін бекітеді; 

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.  

20. Уәкілетті орган Мекеме басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.  

21. Мекеменің басшысы Мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, уәкілетті органға тікелей бағынады және Мекемеге жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруға жеке жауапты болады.

22. Мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

23.Мекеме басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 

1) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) Мекеменің іссапарларға, тағылымдамаларға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) Мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) тиісті саланың уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы органмен) тағайындалатын қызметкерлерден басқа, Мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) Мекеме қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;  

10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және Мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;

11) Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады;  

12) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Жарғымен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5.  Мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

24.   Мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мекеменің мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.  

25. Мекеме мүлкі оған жедел басқару құқығында тиесілі және коммуналдық меншікке жатады.

26. Мекеме оған бекітілген мүлік пен смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.   

27. Мекеменің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырады.

28. Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

29. Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.  

6.  Еңбек ұжымымен өзара қатынас

30. Мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес айқындалады.

31. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

  7. Мекеменің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

32. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

33. Мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

8. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

34. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

9. Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

  35. Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

________________________________

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109