Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Жоба
Астана қаласы мәслихатының шешімі
Астана қаласы 2018 жылғы «___»_________
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2. «Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы № 322/45-IV Шешімі күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы А. Ким
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы Ж. Нұрпейісов
Астана қаласы мәслихатының
2018 жылғы «__»______
№______шешіміне
қосымша
Астана қаласы бойынша қозғалмалы көздерден қоршаған ортаға
эмиссия үшін төлемақы ставкалары
Р/с № |
Отын түрі |
Пайдаланған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК) |
1. |
Этилденбеген бензин үшін |
0,66 |
2. |
Дизель отыны үшін |
1,26 |
3. |
Сұйытылған, сығылған газ үшін |
0,7 |
4. |
керосин үшін |
0,48 |
____________________________
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz