578

«Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба

Астана қаласы маслихатының шешімі

(отыз үшінші шақырылымның алтыншы кезектен тыс сессиясы)

Астана қаласы    2018 жылдың 22 маусымы

«Астана қаласында жылыту

маусымына дайындық және оны

өткізу қағидалары туралы» Астана

қаласы мәслихатының 2014 жылғы

27 маусымдағы № 249/36-V шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы  № 249/36-V шешіміне  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіізбесінде 2014 жылы 8 тамызда № 829 болып тіркелді, 2014 жылғы 16 тамыздағы №91 «Астана ақшамы», 2014 жылғы 16 тамыздағы №90 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «1. Осы Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді»;

  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

Астана қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы    А. Ким

Астана қаласы мәслихатының

хатшысы    Ж. Нұрпейісов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109