697

Астана қаласының маслихатының шешімі (алтыншы шақырылымың кезекті отыз төртінші сессиясы) Астана қаласы 1 маусым 2018 ж

Жоба

Астана қаласының маслихатының шешімі

(алтыншы шақырылымың кезекті отыз төртінші сессиясы)

Астана қаласы                                                                                                 1 маусым 2018 ж

«Азаматтардың жекелеген санаттарына

амбулаториялық емделу кезінде

тегін және жеңілдікті шарттармен

дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді,

медициналық мақсаттағы бұйымдарды

қосымша беру туралы» Астана қаласы

маслихатының 2017 жылғы 20 шілдегі

№ 170/21-VI шешіміне толықтырулар

туралы

««Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 9 бабының 1 тармағы 5) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының маслихаты ШЕШТІ:

  1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы» Астана қаласы

маслихатының 2017 жылғы 20 шілдегі № 170/21-VI шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10-18–жолдармен толықтырылсын:

«

10. Буллезді эпидермолиз
Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары 
Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері
Медициналық мақсаттағы бұйымдар

Мамандандырылған емдік өнімдер
11. Идиопатиялық өкпе фиброзы
Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары
Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері
Пирфенидон, капсула
12.

Анапластикалық лимфоманың кина-за генінің экспрес-сиясымен ұсақ жа-сушалы өкпе обыры

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары 

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Кризотиниб, капсула

Ниволумаб, ампула

13. HER2-рецептор-ларының обырлық гиперэкспрессиясы бар жергілікті-рецидивті, ота жасауға жатпайтын сүт безінің обыры
Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары 
Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері
Пертузумаб,  капсула 
14. BRAF V 600 генінің мутациясы бар резекцияға жатпайтын немесе метастазды меланома
Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары
Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері
Дабрафениб, капсула
15. Өкпенің бронхоөкпелік дисплазиясы
1 жасқа дейінгі балалар
1000 г дейінгі салмақпен туған өте шала туған нәрестелер
Паливизумаб, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ
16. Алғашқы глаукома, басқа көз аурулары салдарынан туындаған екінші глаукома
Астана қаласында кем дегенде бір жыл диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары
Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы 
Бринзоламид, көзге арналған  тамшылар

Тимолол, көзге арналған тамшылар
17. Бронх демікпесі 
Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары
Жеке көтералмаушы-лық жағдайында
Серетид (сальметерол + флутиказона пропионат), дозаланған ингаляцияларға арналған аэрозоль
18. Артериялық гипертензия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Жеке көтералмаушы-лық жағдайында
Ванатекс (валсартан), таблетка

».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Астана қаласы

мәслихат сессиясының төрағасы                                                                                                  А. Ким

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы                                                                                                         Ж. Нурпейісов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Астана қаласының

Қоғамдық денсаулық сақтау баскармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                                                                            К. Надыров

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109