1848

Салық салу мақсатында жерді аймаққа бөлу сызбасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) пайыздары туралы

Жоба

Астана қаласы мәслихатының шешімі

(алтыншы шақырылымның 34-ші кезектен тыс сессиясы)

Астана қаласы           __ маусым 2018 жыл

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің  9-бабына және 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Салық салу мақсатында аймаққа бөлу сызбасы және аймақтар шекарасының сипаттамасы 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

2. Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) пайыздары 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

Аталған жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) пайыздары автотұрақтар (паркингтер) және автокөлікке жанармай құю станциялары үшін бөлінген жер учаскелерге таралмайды.

3.  «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылатудың (төмендетудің) түзету коэффициенттері және салық салу мақсатында аймақтардың шекаралары туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 37-34п қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. «Салық салу мақсатында жерді аймаққа бөлу сызбасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) пайыздары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 94/11-V шешімінің күші жойылды деп танылсын.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күннің өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихатының

сессия төрағасы    А. Ким

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы    Ж. Нұрпейісов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109