505

Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Астана қаласы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау бағдарларына мынандай тарифтер белгіленсін:

дағдылы тәртіпте жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға 180,0 (бір жүз сексен) теңге;

экспресс тәртіпте жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға 250,0 (екі жүз елу) теңге;

әлеуметтік маңызы бар жолаушыларды тұрақты тасымалдауға 180,0 (бір жүз сексен) теңге.

2. Электрондық жол жүру құжат арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде Астана қаласы бойынша қалалық қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері мынандай мөлшерде дифференциалансын:

дағдылы тәртіпте жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде 90,0 (тоқсан) теңге;

экспресс тәртіпте жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде 180,0 (бір жүз сексен) теңге;

әлеуметтік маңызы бар жолаушыларды тұрақты тасымалдау кезінде 90,0 (тоқсан) теңге.

3. Астана қаласының қала маңы бағытында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдауға 1 километрге 11,5 (он бір бүтін бес) теңге тарифі бекітілсін.

4. Астана қаласының қала маңы бағытында электрондық жол жүру құжат арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдауға 1 километрге 8,0 (сегіз) теңгеге дейін тариф дефференциалансын.

5. Жол ақысын төлеудің электронды жүйесі жұмыс жасамаған кезде, электрондық жол жүру құжат арқылы төлем жасаушы, тегін жол жүруге құқылы.

6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы»Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 956 болып тіркелген, «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде 2015 жылғы 24 қазанда жарияланған);

2) «Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 108-1100 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1036 болып тіркелген, «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде 2016 жылғы 28 маусымда жарияланған).

7. «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылған мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

8. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласының әкімі    Ә. Исекешев

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109