762

«Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы  21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, «Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 418 Жарлығы негізіндеҚазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы аудандарының шекаралары 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласы аудандарының схемалық картасына және 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы аудандары шекараларының сипаттамасына сәйкес құрылсын.

  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі   Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2018 жылғы «___» ________________

№ _______________ қаулысына

2-қосымша

 Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы

аудандары шекараларының сипаттамасы

1. «Алматы» ауданы: солтүстік шекара Ақбұлақ өзені бойымен, одан әрі  101 көшемен (жобалық атауы), одан әрі А. Пушкин (A-344) көшесінен шығысқа қарай, одан әрі Ақбұлақ өзенімен; шығыс бөлігі Астана қаласының бүгінгі шекарасынан өтеді; оңтүстік шекара Есіл өзені бойымен; батыс шекара Есіл өзенімен, одан әрі Ақбұлақ өзені бойымен өтеді.

2. «Сарыарқа» ауданы: солтүстік шекара темір жол бойымен өтеді; шығыс шекарасы Бөгенбай батыр даңғылы бойымен, одан әрі Республика даңғылы бойымен өтеді; оңтүстік шекара Есіл өзені бойымен өтеді; батыс шекара Астана қаласының бүгінгі шекарасынан өтеді.

3. «Есіл» ауданы: солтүстік шекара Есіл өзені бойымен өтеді; оңтүстік-шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батыс шекара Астана қаласының бүгінгі шекарасымен сәйкес келеді. Аудан шекарасына Майбалық көлі (7300 га) және Ұлттық пантеон аумағы (959 га) кіреді.

4. Жаңа әкімшілік аудан: солтүстік шекара Астана қаласының бүгінгі шекарасымен сәйкес келеді; шығыс шекара Ақбұлақ өзені бойымен, одан әрі 101 көшемен (жобалық атауы), А. Пушкин (А-344) көшесінен шығысқа қарай, одан әрі Ақбұлақ өзені бойымен өтеді; оңтүстік шекара Есіл өзені бойымен, одан әрі Республика даңғылынан Бөгенбай батыр даңғылына дейін; Бөгенбай батыр даңғылынан темір жолға дейін; темір жол бойымен Астана қаласының бүгінгі шекарасына дейін өтеді; батыс шекара Астана қаласының бүгінгі шекарасынан өтеді. Аудан шекарасына қалалық зират аумағы (460 га) кіреді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109