535

«Астана қаласының әкімшілік шекараларындағы өзендерде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы № 3-1-1587қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына сәйкесАстана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Астана қаласының әкімшілік шекараларындағы өзендерде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы № 3-1-1587қ қаулысында (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 345 болып тіркелген, 2004 жылғы 16 қыркүйектегі «Астана хабары», 2004 жылғы 7 қыркүйектегі «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған):

1)Астана қаласының әкімшілік шекарасындағы өзендерде белгіленген су қорғау аймақтары мен белдеулеріне 1-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін;

2) Астана қаласының әкімшілік шекарасындағы өзендерде белгіленген су қорғау аймақтары мен белдеулері 2-қосымшаға сәйкес «Астана қаласының Есіл өзені мен Есіл өзенінің ескі арнасында су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану тәртібі» бөлімімен толықтырылсын.

2. «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының 1-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімшілік шекарасындағы өзендерде су қорғау аймақтарының және белдеулерінің картографиялық материалдарға түсірілуін қамтамасыз етсін.

3. «Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109