699

«Астана қаласының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 ақпандағы № 113-160 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Астана қаласының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 ақпандағы  № 113-160 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 802 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 наурыздағы  № 28 (3085) «Астана ақшамы», 2014 жылғы 13 наурыздағы  № 27 (3103) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласы әкімдігінің  Астана қаласының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану  қағидасында (бұдан әрі − Қағида):

кіріспедегі «Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы  № 432/58-ІV шешіміне» деген сөздер мен сандар «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген)» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

1-тармақтағы «Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» деген сөздер «Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы», «Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Астана қаласының  Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі − коммуналдық мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге өкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Астана қаласының мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы қызметін жүзеге асыратын атқарушы орган;»;

Қағиданың барлық мәтіні бойынша «Қаржы басқармасы» деген сөздер «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын.

 2. «Астана қаласының  Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің  интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.К. Амринге жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


                  Астана қаласының әкімі                                                                          Ә. Исекешев

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109