733

Нұра-Есіл каналының су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің,  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына сәйкес (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген № 11838), су нысандарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау үшін, жер үсті суларының ластануының, қоқыстануының және сарқылуының алдын алу үшін Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес Нұра-Есіл каналының су қорғау аймақтары мен белдеулері орнатылсын.

2. «Астана қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаланың жер балансын жасаған кезде тиісті өзгерістер енгізсін.

3.«Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын картографиялық материалдарға түсірілуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

4.«Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте келесі шараларды қамтамасыз ету жүктелсін:

1) осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткізілсін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды көшірмелерін  Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің Эталонды бақылау банкінде ресми жариялап және тіркеу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік  мекемесіне жолдансын;

3) осы қаулының көшірмесі мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Астана қаласыныда таралатын баспасөз бетіне жариялауға жолдансын;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын;

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.

6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

               Астана қаласының әкімі                                                                            Ә. Исекешев

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109