545

Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім                                                        Ә. Исекешев

Астана қаласы әкімдігінің

2017 жылғы «_____» ________

№ ________________

қаулысына қосымша

Астана қаласы әкімдігінің

күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

1. Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 маусымдағы № 22-535қ «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2011-2015 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу  тізілімінде № 681 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 шілдедегі «Астана ақшамы» және 2011 жылғы 9 шілдедегі «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

2. Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 107-1277 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2012-2016 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 744 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 қыркүйектегі «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

3. Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 107-1278 «Республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2012-2015 оқу жылдарына техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 743 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 қыркүйектегі «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

4. Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 шілдедегі № 107-1147 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2013-2017 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 787 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 тамыздағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

5. Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 107-120 «Республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы шеңберінде 2011-2015 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 801 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 наурыздағы  «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109