386

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2014-2018 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 6-бабы 3-тармағының  7) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Техникалық  және  кәсіптік,  орта   білімнен  кейінгі  білімі  бар

мамандарды даярлаудың 2014-2018 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – Мемлекеттік білім беру тапсырысы) бір маманды оқытуүшін оқу жылына арналған шығыстарының орташа құны 1, 2-қосымшаға  сәйкес бекітілсін.

2.  «Астана  қаласының  Білім  басқармасы»  мемлекеттік  мекемесі

(бұдан әрі - Басқарма) «360 024 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау» 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» деген бюджеттік бағдарламаның;

  «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «353 043 000 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде мамандар даярлау», «353 044 015 «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету»  деген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып белгіленсін.

3. Басқарма  техникалық  және  кәсіптік  білім  берудің  тиісті оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Басқарма басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің сайтында жариялауды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

  6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім                                                                                                 И. Тасмағамбетов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109