476

Республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы шеңберінде 2011-2015 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту т

      Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы 2009 және  2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.

    Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер  туралы»  1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы  23 қаңтардағы заңдарына, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 19 маусымдағы  № 636 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер  есебінен Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы шеңберінде  2011-2015 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға  сәйкес бекітілсін.

2. «Астана  қаласының  Білім  басқармасы»  мемлекеттік  мекемесі

(бұдан әрі - Басқарма) «129 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының  іс-шараларын іске асыруға нысаналы ағымдағы трансферттер» деген бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып белгіленсін.

3. Басқарма басшысы  осы  қаулыны кейіннен Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялаумен әділет  органдарында мемлекеттік  тіркеуді қамтамасыз етсін.

4. «Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен 2011-2015 оқу жылына Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы  шеңберінде техникалық және кәсіптік даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 28 маусымда № 682 болып тіркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 78 (2688), «Вечерняя Астана» газетінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 83 (2693) жарияланған) Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 маусымдағы  № 22-532қ қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


       Әкім                                                                                                И. Тасмағамбетов


       Әкімнің орынбасары                                                                    А. Балаева


       Әкімнің орынбасары                                                                    Е. Нағаспаев


       Мемлекеттік-құқықтық

       бөлімінің басшысы                                                                      Д. Досқұлов 


      «Астана қаласының Білім

      басқармасы» мемлекетттік

      мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы                                                                         Б. Сматаева


      «Астана қаласының Жұмыспен

      қамту және әлеуметтік

      бағдарламалар басқармасы»

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы                                                                                         А. Алтыбаева


      «Астана қаласының

      Кәсіпкерлік және өнеркәсіп

      басқармасы» мемлекеттік

      мекемесінің басшысы                                                                    М. Бектұрова


      «Астана қаласының Қаржы

      басқармасы» мемлекеттік

      мекемесінің басшысы                                                                    Р. Досаев


      «Астана қаласының Экономика

      және бюджеттік жоспарлау

      басқармасы» мемлекеттік

      мекемесінің басшысы                                                                     Ж. Нұрпейісов 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109