517

2014 жылға арналған Астана қаласының көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге тыңайтқыштарды, жанар-жағар май материалдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарды субсидиялау нормаларын, басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін белгілеу тур

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңы 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  2014 жылға арналған:

1)  басым дақылдардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес;

2)  көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргізуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары  2-қосымшаға сәйкес;

3)  отандық өндірушілер сатқан субсидияланатын тыңайтқыш түрлері мен 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа арналған субсидия нормалары  3-қосымшаға сәйкес;

4)  отандық өндірушілерден сатып алынған субсидияланған гербицид түрлері және 1 килограмм (литр) гербицидке арналған субсидия нормалары  4-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және мерзімді басылымдарда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары  Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Әкім                                                                                          И. Тасмағамбетов


Әкімнің орынбасары                                                               Е. Нағаспаев

 

Мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                                  Д. Досқұлов


«Астана қаласының Қаржы

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                              Р. Досаев


«Астана қаласының 

Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                         Ж. Нұрпейісов


«Астана қаласының Ауыл

шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                         М. Далабаев



Келісілді:

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі   

__________________А. Мамытбеков

2014 жылғы  «___» _______________

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109