541

Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2014 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекеттік білім беру тапсырысының және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы


 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 3-тармағының 7-1) тармақшасына, «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2014 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, мемлекеттік білім беру тапсырысының және ата-ананың ақы төлеу көлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітілген қаржыландыру жоспары шеңберінде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың шығындарын өтесін.

3. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен бұқаралық ақпараттар құралдарында және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.


Әкім                                                                                                  И. Тасмағамбетов 


Әкімнің орынбасары                                                                         А. Балаева


Әкімнің орынбасары                                                                         Е. Нағаспаев

 

Мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                                             Д. Доскулов

 

«Астана қаласының Қаржы

басқармасы» мемлекеттік 

мекемесінің басшысы                                                                        Р. Досаев


«Астана қаласының

Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                      Ж. Нұрпейісов


«Алматы» ауданының әкімі                                                               Б. Сағын


«Есіл» ауданының әкімі                                                                      С. Мұстафина


«Сарыарқа» ауданының әкімі                                                            Е. Бөлекпаев


«Астана қаласының Білім

басқармасы» мемлекеттік 

мекемесі басшысының

міндетін атқарушы                                                                           Э. Суханбердиева

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109