572

2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жоба

2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

     Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы»  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының  1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар  туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы  № 836 қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге  мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2014 жылы жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) қосымшаға сәйкес бекітілсін.

Тиісті қаржылық жылға осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде әлеуметтік-пайдалы бағыты бар және жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) өтінімдер берген ұйымдар мен кәсіпорындар Тізбеге енгізуге жатады.

2. «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері Басқармамен бірлесіп, 2014 жылы қолайлы жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын. 

3.Ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылатын жұмыссыздарға еңбекақы төлемі қаланың 2014 жылға арналған бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде ең төменгі еңбекақыдан төмен емес көлемінде нақты орындалған жұмыс көлемі үшін жергілікті бюджет қаражатынан жүргізілсін.

Ұйымдар мен кәсіпорындар атқарылған жұмыстың санына, сапасы мен күрделілігіне байланысты өз қаражаты есебінен жұмыссыздарға нақты атқарылған жұмысқа қосымша үстемеақы белгілеуге құқылы.

4. Басқарма:

халықты, сондай-ақ қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарын қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуы, өткізілуі және олардың төлем тәртібі туралы хабардар етуді;

осы қаулыны кейіннен ресми жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында осы қаулы мәтінінің жариялануын қамтамасыз етсін.

5. Астана қаласы әкімдігінің:

«2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы»  2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 158-1828 (Нормативтiк-құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2013 жылғы 4 қаңтарда № 759 болып тiркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2013 жылғы 5 қаңтардағы № 2 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 2 нөмірінде жарияланған);

«2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы»Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 158-1828 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 29 шілдедегі № 158-1245 (Нормативтiк-құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2013 жылғы 5 тамызда № 785 болып тiркелген, «Астана ақшамы» газетінің  2013 жылғы 10 тамыздағы № 90 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің  2013 жылғы 10 тамыздағы № 97 нөмірінде жарияланған);

«2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы»Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 158-1828 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 22 қазандағы № 158-1797 (Нормативтiк-құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2013 жылғы  13 қарашада № 790 болып тiркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2013 жылғы  21 қарашадағы № 132 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2013 жылғы  21 қарашадағы № 139 нөмірінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

     Әкiм                                                                  И. Тасмағамбетов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109