507

2013 жылғы 6 қарашадағы № 205-1914 «Астана қаласының әкімшілік шекараларындағы өзендерде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы № 3-1-1587қ қаулысына толықтырулар енгізу туралы

2013 жылғы 6 қарашадағы 

№ 205-1914


Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 қарашада № 791 болып тіркелген


«Астана қаласының әкімшілік

шекараларындағы өзендерде су қорғау

аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы»

Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы

5 тамыздағы № 3-1-1587қ қаулысына

толықтырулар енгізу туралы

     Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы  № 42 қаулысымен бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесіне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Астана қаласының әкімшілік шекараларындағы өзендерде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің  2004 жылғы 5 тамыздағы № 3-1-1587қ қаулысына (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 27 тамызда № 345 болып тіркелген, 2004 жылғы  7 қыркүйектегі № 124 (1484) «Вечерняя Астана» және 2004 жылғы  16 қыркүйектегі № 126 (1468) «Астана хабары» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Қаланың әкімшілік шекаралары шегінде су қорғау жолақтары су объектісінің қоқыстануы мен ластануын болдырмайтын жағалаулық аймағын (жақтаулар, опырылу, орманбұталы жолақтар) міндетті инженерлік және орман мелиоративтік жайластыру кезінде оларды жобалаудың және құрылысын салудың нақты жағдайларына байланысты белгіленеді.»;

4-тармақ «Алматы» деген сөзден кейін «, Есіл» деген таңбамен және сөзбен толықтырылсын.

2. «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның кейіннен Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялануы мен орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     Әкім                                                                                               И. Тасмағамбетов


Келісілді:

«Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды

реттеу және қорғау жөніндегі

Есіл бассейндік инспекциясы»

республикалық мемлекеттік

мекемесі басшысының

міндетін атқарушы    

_________________Р. Сүлейменов

2013 жылғы «___» ____________ 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109