563

ЖОБА «Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы  21 шілдедегі «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» заңдарын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ Астана қаласының коммуналдық мүлкін тиімді басқаруды және билік етуді арттыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ қаулысына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 1 тамызында № 404;  2011 жылдың 18 шілдесінде № 686; 2012 жылдың 11 сәуірінде № 718 болып тіркелген, 2005 жылғы 16 тамыздағы № 112 «Астана хабары», 2005 жылғы  11 тамыздағы «Вечерняя Астана», 2011 жылғы 28 маусымдағы № 89 (2699) «Вечерняя Астана», 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 46 (2811) «Вечерняя Астана», 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 43 (2804) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған)  келесі өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулының преамбуласы келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі  № 1102 қаулысына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»

2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

                Әкім                                                                                 И. Тасмағамбетов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109