891

Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астана қаласының әкімі                                                   Б. Сұлтанов

 

 

КЕЛІСІЛДІ

«Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

Астана қаласының Полиция

департаменті» мемлекеттік

мекемесінің бастығы

        

_______________М. Қожаев

2018 жылғы «__» _________

Астана қаласы әкімдігінің

2018 жылғы «___» ______

№___________қаулысына

қосымша   

 

 

Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге

қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі,

сондай-ақ  ақшалай сыйақының мөлшері

 

  1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1) алғыс жариялау;

2) грамотамен марапаттау;

3) ақшалай сыйақы беру болып табылады.

  1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Полиция департаменті) ұсынысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Астана қаласы әкімдігі құрған комиссия қарайды.
  2. Комиссия қабылдайтын шешім азаматтарды көтермелеу үшін негіз болып табылады.
  3. Комиссия көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып белгілейді және әдетте, 20 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
  4. Ақшалай сыйақы төлеуді көтермелеуге ұсыныс енгізген Полиция департаменті жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.
  5. Көтермелеулерді төлеуге арналған қаражат Полиция департаментінің шығыстары құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.
  6. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу Полиция департаменті салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

 

___________________________

 

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109