571

«Астана қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 108-863 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 26) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 88778 болып тіркелген) бекітілген Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларының 38-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Астана қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 108-863 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1021 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 мамырдағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген, Астана қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларына қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

  1. «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

 

Астана қаласының әкімі                                            Б. Сұлтанов

Астана қаласы әкімдігінің

2019 жылғы «___» ________ 

№ ___________ қаулысына қосымша

 

Астана қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Астана қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидалары:

мынадай мазмұндағы 41-1 тармақпен толықтырылсын:

«41-1. Заттай дәлелдемелер болып танылған машиналарды, мотоциклдердi және өзге де көлiк құралдарын (оның iшiнде суда жүзетiн және ұшатын аппараттарды), сондай-ақ тыйым салынған көлiк құралдарын арнайы аялдауларда (алаңдарда) сақтауға рұқсат етіледі.»;

44-тармақтың 1) тармақшасында:

«сот санкциясы» деген сөздер «сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның қаулылары» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 49-1, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62 тармақтармен толықтырылсын:

«49-1. Заттай дәлелдемелер болып танылған көлік құралдарын, сондай-ақ тыйым салынған көлiк құралдарын қабылдау және беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.»;

«56. Жеткізген (эвакуацияланған немесе ұсталған) көлік құралын арнайы аялдауда (алаңда) қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады.

Үзіліс беру уақыты мен оның ұзақтығы ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді. Көлік құралдарын үзіліс кезінде беруге тыйым салынады.

  1. Арнайы аялдаулардағы (алаңдардағы) көлік құралдарының саны арнайы аялдаудың (алаңның) жобалық қуатымен көзделген мөлшерден аспауға тиіс.
  2. Арнайы аялдауларға (алаңдарға) кіреберіс аялдаудың (алаңның) қызмет түрі көрсетіліп, арнайы аялдаудың (алаңдардың) орналасқан жерін көрсететін арнайы белгілермен жабдықталуы тиіс.
  3. Арнайы аялдауларды (алаңдарды) пайдалану өрт сөндіру, санитарлық, құрылыс нормаларының және осы Қағиданың талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
  4. Арнайы аялдауларда (алаңдарда) мынадай ақпарат болуға тиіс:

1) уәкілетті ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефондары берілген ақпарат;

2)   осы Қағиданың көшірмесі;

3)   арнайы аялдаудың (алаңның) жұмыс тәртібі;

4)   арнайы аялдау (алаң) қызметкерлерінің (аты-жөні, тегі көрсетілген) кезекшілік кестесі;

5)   өрт-техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқама журналы;

6)   арнайы аялдаулардың (алаңдардың) қызметін реттейтін өзге де құжаттар.

  1. Арнайы аялдаулардың (алаңдардың) жұмысын ұйымдастыруды арнайы аялдаулардың (алаңдардың) қызметкерлері ғана жүзеге асыруы тиіс.
  2. Материалдық залалмен байланысты барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.».

 

______________________________________

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109