363

Астана қаласының көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы

1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына сәйкес, сондай-ақ көші-қон процестерін басқаруды және экономикалық өсуді қамтамасыз ету, астананың қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау мақсатында Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Астана қаласында көші-қон процестерін реттеу қағидалары бекітілсін.
  2. «Астана қаласында көші-қон процестерін реттеу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 185/22-VI шешімінің күші жойылған деп танылсын (Астана қаласының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 қарашада №1135 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қазанда № 119(3642) «Вечерняя Астана» және № 119 (3624) «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған).
  3. Астана қаласы мәслихатының аппараты осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеген күннен бастап күшіне енеді және оны бірінші ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы

мәслихатының төрағасы                  Е. Садықов  

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы                  Ж. Нүрпейісов  

Астана қаласы әкімдігінің

«___» _____________ 2019 жылғы

№ ________________ қаулысымен

бекітілді

 

Астана қаласындағы көші-қон процестерін реттеу
қағидалары

  1. Жалпы ережелер
  1. Астана қаласында көші-қон процестерін реттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) көші-қон процестерін басқаруды және экономикалық өсуді қамтамасыз ету, астананың қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау мақсатында, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне, 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2007 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасы астанасының ерекше мәртебесі туралы», 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына сәйкес әзірленген.
  2. Көші-қон процестерін реттеу:
  • адамның тұрғылықты жерді еркін таңдауға, еңбек ету бостандығына және қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге;

2) шығу және жүріп-тұру бостандығына;

3) шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына немесе кез келген өзге де жайларға қарап кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.

  1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

1) ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы немесе қоныс аударушы адам;

2) халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қон саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асырушы мемлекеттік орган;

3) уәкілетті орган – тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды, сондай-ақ ішкі көшіп-қонушылардың уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке қоюды (тіркеуді) жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әр – уәкілетті орган);

4) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);

5) көшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

6) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударушы ішкі көшіп-қонушы;

7) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін оралмандар мен қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны.

  1. Астана қаласында көші-қон процестерінің мониторингі олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға, экологиялық жағдайға әсері ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
  2. Астана қаласындағы көші-қон процестерінің ерекшеліктеріне халықтың тығыздығы, көшіп келу, эмиграция, еңбек көші-қоны, ішкі көші-қон ағыны, қалаларға топтану процесі, өңірдің экологиялық және діни жағдайы, халықтың ұлттық құрамы, өңірлік еңбек нарығының теңгерімділігі жатады.
  3. Көші-қон процестерін реттеу үшін Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға мыналарға қатысты ұсыныстар енгізеді:

1) оралмандар мен қоныс аударушыларды орналастыру үшін өңірдің тиісті ауданына (жатқызу);

2) шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға арналған квотаны ұлғайту (қысқарту);

3) орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарын ұлғайту (қысқарту).

  1. Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
  2. Халықтың кетуі халықтың ұдайы өсу қарқынынан асып кеткен кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге көмек көрсетуге, оралмандарды, атап айтқанда жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шараларды әзірлеу жолымен жүзеге асырылады.
  3. Көші-қон жағдайының дамуын мониторингтеу мен болжауды қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу, мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер салу, әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлау мақсатында "Тұрғындар" және "Уақытша келетін шетел азаматтарын тіркеу" автоматтандырылған ақпараттық жүйелері (бұдан әрі - "Тұрғындар" және "УКШАТ"ААЖ) арқылы халықты тіркеу есебі жүзеге асырылады.
  4. Күн сайын "Тұрғындар" деректер базасынан автоматты режимде сайлаушылар бойынша деректерді түзету үшін Астана қаласы аудандарының әкімдеріне электронды форматта мәліметтер ұсынылады.
  5. Астана қаласының жергілікті атқарушы органы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген көші-қон процестерін реттеу саласындағы өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  1. Көші-қон процестерін реттеу тәртібі
  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі көшіп-қонушының тіркелген жері оның заңды мекенжайы болып табылады. Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу және тіркеуден шығару "Тұрғындар "ААЖ мәліметтерді енгізу жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу және тіркеуден шығару дерегі және олардың тіркеу деректері автоматты түрде "Тұрғындар"деректер базасына енгізіледі.
  2. Уақытша болу (тұру) үшін 1 (бір) айдан астам мерзімге келген ішкі көшіп-қонушыларды ішкі істер органдары келген күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде тұрғылықты тұратын жерінен тіркеуден шығармастан уақытша болу (тұру) орнына есепке қояды.
  3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге тұрғылықты жері бойынша тіркеу 1 (бір) адамға пайдалы алаңы кемінде он бес шаршы метр мөлшерінде тұрғын үй беру нормасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
  4. Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп- қонушыларды тіркеу қағидаларында (бұдан әрі – тіркеу қағидалары) белгіленген тәртіппен тұрғын үйлерде, пәтерлерде, қонақ үйлерде, жатақханаларда, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернат үйлерінде, пансионаттарда, саяжай серіктестіктері мен кооперативтерінің саяжай құрылыстарында, қарттар үйлерінде, қызметтік ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады.
  5. Ішкі көшіп-қонушының тұрғылықты жерін тіркеу, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке қою (тіркеу) белгіленген тәртіппен тұрғын үйді меншікке сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға алғаны туралы куәландыратын, оның ішінде жалдау (жалға алу), қосымша жалдау шарты бойынша, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін құжаттар негізінде тұрғын үй иесінің (жалдаушының) жазбаша келісімі бойынша жүзеге асырылады.
  6. Жақын туыстарын (ата-аналарын, балаларын, бала асырап алушыларды, асырап алынғандарды, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілерін және апа-сіңлілерін, аталарын, әжелерін, немерелерін), сондай-ақ тұрғын үй иесінің отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу тұрғын үй алаңының мөлшеріне қарамастан жүзеге асырылады.
  7. Тұрғын үй иелерінің өтініші бойынша "Тұрғындар" ААЖ-да азаматтарды тіркеуден шығаруды Тіркеу қағидасының 9-тармағына сәйкес тіркеуден шығарылатын адамның жеке өтінішінсіз және жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрғын үй иелерінің өтініші бойынша олар жүгінген күні уәкілетті органның жауапты қызметкері жүзеге асырады.
  8. " Тұрғындар " ААЖ арқылы уәкілетті органның жауапты қызметкері Қағидалардың 14-тармағында белгіленген жалпы алаңның ең аз мөлшері нормаларының сақталуын тексеруді жүзеге асырады.
  9. Егер тіркеу немесе тіркеуден шығару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол берілген жағдайда, тіркеу немесе тіркеуден шығару туралы шешімді оны ресімдеген уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі, сондай-ақ жоғары тұрған уәкілетті орган не сот жояды.
  10. "УКШАТ" ААЖ арқылы шетелдік азаматтарды тіркеуді өтініш берген күні Астана қаласының аумағына уақытша келген шетелдік азаматтың жеке басын куәландыратын құжаты бойынша уәкілетті органның жауапты қызметкері жүзеге асырады.
  11. Шетелдік азамат ұсынған құжат бойынша "Тұрғындар" деректер базасында шетелдік азаматтың жеке басын автоматты түрде сәйкестендіру жүргізіледі, бұл үшін шетелдік азаматтың жеке басын куәландыратын құжатты сканерлеу жүргізіледі. Шетелдік азаматты " УКШАТ" ААЖ-да тіркеу уәкілетті органның жауапты қызметкерінің тіркеу туралы шешім қабылдауы және шетелдік азаматқа тіркеу туралы куәлік беруі негізінде аяқталады.
  12. Тіркеу және тіркеуден шығару кезінде адамдарды іздестірудің республикалық біріктірілген деректер банкі бойынша криминалдық шектеулер бойынша азаматтарды автоматты режимде тексеру жүзеге асырылады.
  13. Уәкілетті органның жауапты қызметкері Астана қаласының аумағында уақытша болатын шетел азаматтарын тіркеу туралы мәліметтерді Астана қаласы Полиция департаментінің аудандық бөлімшелерінің учаскелік полиция инспекторларына ұсынады.
  14. Астана қаласының аумағына келген шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Астана қаласының құзыретті органдарында тіркеуден (болатын жері бойынша есепке қоюдан) босатылады.

 _________________________________

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109