430

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы № 102-2238 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жоба 

«Пестицидтердi (улы химикаттарды)

өндiру (формуляциялау), пестицидтердi

(улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi

(улы химикаттарды) аэрозольдiк және

фумигациялық тәсiлдермен қолдануға
байланысты қызметті жүзеге асыруға

лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан

қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы

№ 102-2238 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 102-2238 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 989 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 145 (3368) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 145 (3350) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

          жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):

1, 2 – тармақтар келесідей редакцияда жазылсын:

«1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/655 бұйрығымен бекітілген «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).»;

«2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.».

Регламенттің 5 –тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 10 (он) жұмыс күні;

лицензияны қайта ресімдеу үшін – 3 (үш) жұмыс күні;

лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 (екі) жұмыс күні;

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.»;

Регламенттің 6 –тармағы алынып тасталсын;

Регламенттің 7 – тармағы келесідей редакцияда жазылсын:

«7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы және (немесе) оның орынбасары;

2) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;

3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы.».

Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген құрылымдық – функционалдық бірліктер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы жаңа редакцияда осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

          «2. Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.К. Амринге жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннаан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Нұр-Сұлтан қаласының әкімі       Б. Сұлтанов

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109