258

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына қала шегінен тыс емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы  

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына Қазақстан Республикасының шегінде, Нұр-Сұлтан қаласының шегінен тыс жерде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру ұсынылсын.
  2. Қазақстан Республикасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан тыс жерде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алған және оларды алып жүруші тұлғалардың жол жүру құнын төлеу, егер науқас Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен берілген жолдама бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек алған жағдайда, әуе, теміржол және халықаралық автомобиль көлігімен жол жүру (екі жаққа да) құны, қаланың бюджеті қаражаты есебінен, бірақ теміржол көлігінің «Тальго» типті жолаушылар пойызының купе вагоны билетінің орташа құнынан аспайтын көлемде жүргізілсін.
  3. Астана қаласы Мәслихатының 2011 жылғы 12 мамардағы №450/62-IV «Астана қаласының тұрғындарына қала шегінен тыс емделуге бюджеттік қаражаттар есебінен тегін жол жүруін ұсыну туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 919 болып 2012 жылы 13-қаңтарда тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы шешім оны алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы А. Күрішбаев

Нұр-Сұлтан қаласы

мәслихаты хатшысы Ж. Нұрпейісов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109