198

«Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 102-406 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Техникалық инспекция саласындағы

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

регламенттерін бекіту туралы»

Астана қаласы әкімдігінің

2017 жылғы 2 наурыздағы № 102-406

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 37 бабына, «Мемлекеттік қызмттер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі 16 бабына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәірдегі 17 бабына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 438 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мамлекеттік тіркеу тізілімінде № 17843 болып тіркелген), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 516 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мамлекеттік тіркеу тізілімінде № 18177 болып тіркелген) сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Техникалық испекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 102-406 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мамлекеттік тіркеу тізілімінде № 1096 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 сәуірде «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде, 2017 жылғы 10 сәуірде «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланган) мынадай өзгеріс енгізілсін:

         2) тармақша в келесі редакцияда жазылсын:

         «2)3-қосымшаға сәйкес, «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;

         3) тармақша в келесі редакцияда жазылсын:

         «3)3-қосымшаға сәйкес, «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;

         5)тармақша жойылсын;

          «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

         атауы келесі редакциясында жазылсын:

         «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»;

         1 тармақ в келесі редакцияда жазылсын:

         «1.«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нұр-Сұлтанқаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Нұр-Сұлтанқаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы»мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11766 болып тіркелген) бекітілген «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің»www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүргізіледі.»;  

Көрсетілген қаулымен бекітілген«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11766 болып тіркелген) бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүргізіледі.»;

 «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіосы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес келесі редакцияда жазылсын;

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіносы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес келесі редакцияда жазылсын.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны Қахзақстан Республикасы заңымен бекітілген ретінде қамтамасыз ету:

1) осы қаулыны жергілікті әділет органдарында мемлекеттік тіркеу;

2) мемлекеттік тіркеуден бастап осы қаулының көшірмесін қазақ және орыс тілінде он күнтізбелік күнде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін жазба және электрондық түрде жолдау;

3) Осы қаулы мемлекеттік тіркелуден кейін он күнтізбелік күннің ішінде көшірмесін Нұр-сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми түрінде жариялау үшін жолданады;

4) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсындағы оның ресми түріндегі жариялануынан кейін осы қаулы жарияланады;

5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен ескерілген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді аумақтық  әділет органына осы қаулының мемлекеттік тіркелуінен кейін  10 күннің ішінде  ұсынылады;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нүркеновке жүктелсін;
  2. Осы қаулының күші әділет органдарындағы мемлекеттік тіркелу күнінен бастап күшіне еніп, сонымен қатар оның бірінші ресми түріндегі жариялануының он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі                                                  Б. Султанов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109