63

«Астана қаласының аумағындағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 79 қаулысына және Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 523/75-IV шешіміне өзгеріст

«Астана қаласының аумағындағы жер
учаскелері үшін төлемақының базалық
ставкаларын белгілеу туралы» Астана қаласы
әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 79
қаулысына және Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 523/75-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 және 37-баптарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Астана қаласының аумағындағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 79 қаулысында және Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 523/75-IV шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 704 болып тіркелген, 2011 жылғы 29 желтоқсандағы «Астана ақшамы»,«Вечерняя Астана»газеттерінде жарияланған) 2-тармақ жойылсын.

2. «Астана қаласының аумағындағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 79 қаулысында және Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 523/75-IV шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 704 болып тіркелген, 2011 жылғы 29 желтоқсандағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) бүкіл мәтін бойынша «Астана қаласы» сөздері «Нұр-Сұлтан қаласы» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

5) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардыңорындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешіміалғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ___________ А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы ___________ А. Ким  
Нұр-Сұлтанқаласы мәслихатының хатшысы ___________ Ж. Нұрпейісов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109