72

«Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 367-1383 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Астана қаласының аумағын
абаттандыру қағидалары туралы»
Астана қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 4 шілдедегі
№ 367-1383 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 367-1383 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

қаулының атауындағы, мәтіндегі және қосымшадағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;

жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:

4-тармақта:

18) тармақшадағы «павильондар» деген сөзден кейін «, оның ішінде аялдамалық,» деген сөздермен толықтырылсын;

8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Аршу жұмыстарын жеке және заңды тұлғалар, жұмыс жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын, олардың мекенжайын, көлемін, жоспарланып отырған қазбаның тереңдігін, сондай-ақ өткізу мерзімін көрсете отырып, Нұр-Сұлтан қаласы аудандары әкімдерінің аппараттарын (аумағы бойынша) және қаланың тиісті коммуналдық және қалалық қызметтерін міндетті жазбаша хабардар еткен жағдайда жүзеге асырады.»;

104-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Нұр-Сұлтан қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары шағын аудандар мен орамдардың тұрғын аймақтарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті маңызы бар көшелерді орташа және ағымдағы жөндеуді жүргізеді.».

2. Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидаларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының қарауына жіберілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.К. Қайсағалиевке жүктелсін.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары А. Қайсағалиев
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары Е. Қизатов
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық бөлімі
басшысының міндетін атқарушы Ж. Шәукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының Отын-
энергетикалық кешені және
коммуналдық шаруашылық
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Е. Бәзіл
«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік
және жол-көлік инфрақұрылымын
дамыту басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Н. Солтамбеков
«Нұр-Сұлтан қаласының
Стратегиялық және бюджеттік
жоспарлау басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Қ. Маңқараев
Нұр-Сұлтан қаласы
«Алматы» ауданының әкімі Ә. Сәрсембаев      
Нұр-Сұлтан қаласы
«Байқоңыр» ауданының әкімі А. Есілов
Нұр-Сұлтан қаласы
«Есіл» ауданының әкімі Б. Жакенов
Нұр-Сұлтан қаласы
«Сарыарқа» ауданының әкімі Е. Егемберді

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109