255

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №115-638 «Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістерді енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 50 бабы 1 тармағына  сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

  1. Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №115-638 «Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасын бекіту туралы» қаулысына (2015 жылғы 09 маусымдағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланып, № 90623 нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркелу Тізілімінде тіркелген) төмендегі өзгерістер енгізілсін:

Жоғарыда көрсетілген қаулының барлық мәтіні мен қосымшасының атауында «Астананың», «Астана» деген сөздерді «Нұр-Сұлтан» деген сөзімен ауыстырылсын;

34 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«№34. Лифтінің пайдалануы үшін төлем Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес төленеді».

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Қазақстан Республикасының заңдылығымен бекітілген тәртібінде:
  • осы қаулының аймақтық әділет органындағы мемлекеттік тіркелуін;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми түріндегі жарияланғаннан кейін осы қаулының жариялануын;
  • осы тармақтың 1), 2) тармақшаларымен ескерілген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерін аймақтық әділет органына осы қаулының мемлекеттік тіркелуінен кейін он жұмыс күннің ішінде ұсынылуын қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындауын бақылау, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нуркеновке жүктелсін.
  2. Осы қаулы, әділет органдарындағы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне еніп, сонымен қатар оның бірінші ресми түріндегі жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімі орынбасары Н. Нұркенов
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Шаукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Қалалық орта сапасы және
бақылау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Құлұшев

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109